1-НАУРЫЗ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КҮНІ » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
01
март
2023

1-НАУРЫЗ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КҮНІ

   Мектепте сағат 10.00- де  «Баршаның назарына!» дабылы қағылып оқушылар сыртқа шығып қауіпсіз орынға орналасты. 1-наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне байланысты салтанатты жиын өтті.

 АӘТД пәні мұғалімі жиынды ашып, іс-шара жоспарымен таныстырды. Жиында «Сейсмикалық оқу жаттығу», «Өрт кезінде қауіпсіз орынға көшу» тақырыптарында оқу жаттығу жұмыстары ұйымдастырылды. Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері  Б.Қонысбай мен А.Сейдахмет төтенше жағдайлар кезіндегі (өрт, жер сілкінісі, су тасқыны) тақырыбында баяндама оқыды. 7-сынып жетекшісі Г.Турлығазиева «Жер сілкінісі кезіндегі іс әрекет» тақырыбында түсіндіру жұмысын жүргізді.

 Мектеп медбикесі А.Батырбекова аяқ асты жарақат алған кездегі алғашқы медициналық көмектің қалай көрсетілетіндегі туралы оқушыларға түсіндірді.

  АӘТД пәнінің мұғалімі Ә.Исағұлов табиғи апат болған жағдайда не істеу керектігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, өрт сөндіру үшін керекті құралдарды пайдалану әдістерімен таныстырды.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив