«Қыстың көркем сәттері» атты сурет байқауы » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Қыстың көркем сәттері» атты сурет байқауы
24
январь
2023

«Қыстың көркем сәттері» атты сурет байқауы

Өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес «Экология және еңбек» фракциясы бойынша  өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 3-5 сынып оқушылары  арасында сурет байқауы өтті. Сурет байқауының  тақырыбы бір сөзбен белгіленді – "Қыстың көркем сәттері".

Мақсаты:Оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдап, өз белсенділігін көрсетуге мүмкіндік беру. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін  арттыру.

Сурет байқауына 3-5 сынып оқушылары арасынан жалпы -20 оқушы қатысты.

 Педагог-ұйымдастырушы Г.Нусипбаева  қатысушыларға сурет байқауының тақырыбын, мақсатын, ережесін айтып  түсіндірді. Өзін-өзі басқару  ұйымының мүшелері  оқушыларға қағаздар таратып беріп, байқау туралы қосымша түсініктер берді.

 Оқушылар қарындаштар мен бояулардың көмегімен тақырып аясында қыстың көркем сәттерін өз ойлары мен эмоцияларын қағазға жеткізді. Барлық жұмыстар қызықты, мағыналы болды. Оқушылар қыстың көркем сәттеріне  байланысты өздерінің идеяларын бейнелеуге тырысты. 
   Сурет сайысының қорытындысында  қазылар алқасы әр оқушының жұмысын атап өтіп,  5 оқушының жұмысын  үздік деп таңдады.

 Сайыс нәтижесі бойынша І орынды 5-сынып оқушысы Қанатбек Раян, ІІ орынды 5-сынып оқушысы Бейсенәлі Риза мен 4-сынып оқушысы Беделханқызы Айзере, ІІІ орынды 3-сынып оқушылары Беделханқызы Балшәрбат пен 4-сынып оқушысы  Мерейқызы Аяна иеленді. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив