Қазақстан Республикасының кешенді тәрбие бағдарламасы » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Қазақстан Республикасының кешенді тәрбие бағдарламасы
02
июнь
2022

Қазақстан Республикасының кешенді тәрбие бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Қоса беріліп отырған Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді 
жоспар бекітілсін.
       2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің      
 2012 жылғы « »    
 № қаулысымен    
 бекітілген     

Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік
 құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар 1. Паспорты

Атауы             Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің
                   тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік
                   кешенді жоспар
 Негіздеме         «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы
                   «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан
                   дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына
                   Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»
                   Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30
                   қаңтардағы № 261 
Жарлығы
 Әзірлеуші         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                   министрлігі
 Мақсаты           Тұлғаның Қазақстанның азаматы және патриоты ретінде
                   рухани-адамгершілік қалыптасуына көңіл бөле отырып,
                   барлық оқу процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту
 Міндеттері        патриоттық сананы қалыптастыру;
                   отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау;
                   рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;
                   құқықтық сананы қалыптастыру және дамыту;
                   жалпы адамзаттық қасиеттердің негізінде
                   көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру;
                   салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын
                   қалыптастырудың кешенді, үздіксіз және тұрақты
                   жүйесін құру.
 Іске асырылу      2013 - 2015 жылдар
 мерзімі
 Қаржыландыру      Республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі
                   көздері мен көлемі 6 640 975 000 теңгені құрайды
                   (2013 жылы – 2 187 975,0, 2014 жылы – 2 239 474,0,
                   2015 жылы – 2 213 526,0). Жергілікті бюджеттен
                   қаржыландыру жыл сайын тиісті жергілікті бюджеттен
                   білім беру жүйесін дамытуға бөлінетін қаражат
                   шегінде жүзеге асырылатын болады.
                   2015 жылға қарай:
 Жоспарды          білім алушылардың жалпы санынан қоғамдық
 іске асыру        бірлестіктердің қызметімен қамтылған мектеп
 тиімділігінің     оқушыларының, колледждер мен жоғары оқу орындары
 индикаторы        студенттерінің үлесі – 70%;
                   білім алушылардың жалпы санынан өздерін патриотпыз
                   деп есептейтін мектеп оқушыларының, колледждер мен
                   жоғары оқу орындары студенттерінің үлесі – 75 %;
                   тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысатын
                   ата-аналардың үлесі - 35%;
                   білім алушылардың жалпы санынан мектеп оқушыларының
                   балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерімен
                   қамтылуы - 25%;
                   білім алушылардың жалпы санынан тәрбиелік
                   іс-шараларға белсенді қатысатын мектеп
                   оқушыларының, колледждер мен жоғары оқу орындары
                   студенттерінің үлесі - 70%;
                   жалпы санынан біліктілігін арттырудан өткен
                   тәлімгерлердің, әлеуметтік педагогтер мен
                   психологтардың үлесі - 30%.

2. Кіріспе

      Бүгінгі күні елімізде қоғам мен мемлекеттің қазіргі заманғы қажеттілігіне бағытталған тұтас тәрбие жүйесі қалыптасқан.
       Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қойылатын талаптар «Қазақстан – 2030: барлық Қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы» атты ел Президентiнiң Қазақстан халқына 
Жолдауында, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi «Бiлiм туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Заңында көрсетілген.
       «Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 
Заңы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1677 «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясын бекiту туралы» Жарлығы қабылданды.
       Үлкен білім және насихат ресурсы әзірленіп, ол арқылы тәрбие жұмысы ұйымдастырылды. Бұл ресурс білім беру және тәрбие бағдарламаларының жүйесінен, сондай-ақ оқудан тыс іс-шаралардан қалыптасады.
       Білім және ғылым жүйесінің ресурстары бұл жұмысқа мынадай түрде тартылған.
       Мектепке дейінгі білім
       Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бала тұлғасын қалыптастыру мен дамытуда үздіксіз білім беру жүйесінің бірінші деңгейі болып табылады.
       Мектепке дейінгі ұйымдардың саны 2011 жылы 8096-ны құрады, олардың 2748-і балабақша, 5348-і шағын орталық. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 65,4%-ды немесе 587 800 баланы құрайды.
       Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда «Балбөбек», «Қарлығаш», «Қайнар» республикалық бағдарламалары іске асырылады; 2009 жылы кіші жастағы балаларға арналған «Алғашқы қадам» (1-3 жас), «Зерек бала» (3-5 жас), «Біз мектепке барамыз» (5-6 жас) тәрбие және оқыту бағдарламалары әзірленді және қабылданды, «Балапан», аталған бағдарламаларға оқу-әдістемелік кешен (жеке, отбасылық балабақшалар және ата-аналарға арналған консультациялық пунктер үшін әдістемелік ұсынымдамалар мен дидактикалық материалдар) әзірленді.
       Мектепке дейінгі деңгейдегі білім беру қызметтерін сапалы ұсынуды қамтамасыз ету үшін ЮНЕСКО-мен бірлесіп жаңа ұрпақтың стандарты әзірленді. Ол 5 білім беру саласын қамтиды: коммуникация, тану, денсаулық, шығармашылық және социум.
       Жалпы мектепке дейінгі тәрбие жүйесі қойылған міндеттерді орындау үшін жеткілікті түрде тиімді құрылған.
       Орта білім
       Республикада жалпы контингенті 2 479 000 баланы құрайтын 7465 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Тәрбие процесін кадрлық қамтамасыз ету жұмысы жүргізілуде. Тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары, педагог-ұйымдастырушы, аға тәлімгер, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, қосымша білім беру педагогі, әдіскер штаттық бірліктері енгізілген.
       Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жүйесінің міндеттерін іске асыру мақсатында қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдардың желісін дамыту жұмысы жүргізілуде.
       Қосымша білім берудің неғұрлым қол жетімді нысаны мектеп жанындағы 24 000 секцияның, 450-ден астам аула клубтарының жұмысын ұйымдастыру болып табылады, сондай-ақ 276-сы мектеп базасында орналастырылады.
       1609 патриоттық клубқа 60 000-нан астам балалар мен жасөспірімдер қатысады. Балаларға қосымша білім беру жүйесінің инфрақұрылымына 344 музыкалық және көркем өнер мектебі, 58 туристік, техникалық және натуралистік станциялары, 175 сарай мен шығармашылық орталықтары кіреді.
       Білім беру органдары жалпы білім беретін мектептердің дене шынықтыру-спорттық қозғалыстарын нығайту және дамыту шараларын қабылдауда. Қазіргі уақытта 71%-ында спорт залдары бар, 56%-ы спорттық жабдықтармен және мүкаммалдармен қамтамасыз етілген. Материалдық-техникалық базаны нығайту жұмысы жалғасуда.
       Жалпы білім беретін мектептердің 84,3%-ына дене тәрбиесінің үшінші сағаты, ал 3534 мектепке немесе 45,8 %-ына ұлдар мен қыздарды бөліп оқыту енгізілген.
       Республикадағы жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың жалпы санынан 455 мыңнан астам мектеп оқушысы немесе 18 %-ы спортпен шұғылданатын 21 мыңнан астам спорт секциялары жұмыс істейді.
       Өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуде қызметінің негізгі мақсаты тұлғаның өзін-өзі анықтауына және қалыптасуына ықпал ету болып табылатын балалар мен жастар қоғамдық қозғалыстары және ұйымдары, шығармашылық одақтар маңызды рөл атқарады. 800 000-нан астам мектеп оқушылары тартылған 1434 балалар ұйымдары мен бірлестіктері жұмыс істейді (мектеп оқушыларының 32,3%-ы қамтылған).
       Елбасының бастамасымен 2011 жылғы 6 шілдеде «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды. Қазіргі уақытта оның қатарында 700 000-нан астам бала бар.
       Балаларға қамқор болу, олардың мүдделерін қорғау мемлекетіміздің маңызды принципі болып табылады.
       Сонымен қатар, балалардың өмір сүру сапасын әлеуметтік және құқықтық кепілдемелермен қамтамасыз ету мәселелері жаңа Қазақстан Республиксында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасында және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көрсетілген.
       Дегенмен, орта білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін талап ететін бірқатар мәселелер де бар. Бүгінгі күні орта білім беру жүйесінде тәрбие жұмысының бірыңғай бағдарламасы жоқ. Оқудан тыс іс-шаралар оқу процесіне кіріктірілмеген және алған білімді бекітуге бағытталмаған.
       Әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында делинквентті және аутодеструктивті мінез-құлық деңгейінің жоғары болуы алаңдатады.
       Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша Қазақстанда өзіне-өзі қол жұмсаған жас адамдардың саны 29 жасқа дейінгі жас аралығында 2009 жылы 1424 адамды (100 мың тұрғынға 31 адам), 2010 жылы 3800 адамды (100 мың тұрғынға 113 адам ) құрады.
       Бүгінгі күнде нашақорлықтың таралуы нәтижесінде барлық халықтың денсаулығына кері әсерін тигізетін жас ұрпақтың өміріне қауіп төндіретіні белгілі.
       Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстылық деңгейінің артуына ықпал ететін факторлардың бірі ата-аналардың төлем қабілеттілігінің төмендеуі және бос уақытты өткізудің барлық түрлерінің коммерциялануы болып табылады.
       Бүгінгі күнде мектеп оқушыларының жеке қауіпсіздігі проблемасы маңызды сипатқа ие болып отыр.
       Техникалық және кәсіптік білім
       Республикада 896 техникалық және кәсіптік білім беретін (бұдан әрі - ТжКБ) оқу орны жұмыс істейді, онда 600,7 мың жас білім алады.
       Тренингтер, конкурстар, викториналар, олимпиадалар, конференциялар, шығармашылық кештер, спорттық жарыстар және т.б. сияқты тәрбие жұмысының нысандары қолданылады.
       ТжКБ оқу орындарында «тәуекел топтарының» балаларын анықтау жұмыстары жүргізіледі, білім алушыларға психологиялық көмек көрсетіледі, психологиялық қызмет жұмыс істейді.
       Жастар арасында өндіріс кәсіптерін танымал ету мақсатында жыл сайын «Лучший кәсіп иесі» кәсіби шеберлік, неғұрлым дарынды орындаушыларды анықтау, олардың шығармашылық өсуі мен Қазақстанның музыка өнерін насихаттау, музыка бағытындағы ТжКБ білім алушыларының кәсіби даярлығын арттыру үшін музыкалық колледждерде білім алушы орындаушылардың республикалық конкурстары өткізіледі.
       Сондай-ақ тәрбие жұмысының негізгі бағыттарының бірі:
       1) жастарды жан-жақты тәрбиелеу, олардың азаматтық және адамгершілік тұрғыда дамуына ықпал ету;
       2) оқудан (негізгі жұмысынан) бос уақытта қосалқы жұмыспен қамтуды ұйымдастыру арқылы жас азаматтардың кәсіби бейімделуіне және жұмысқа орналасуына ықпал ету;
       3) кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету;
       4) жастар және балалар қоғамдық бірлестіктерінің қоғамдық маңызы бар жастар бастамаларын дамыту болып табылады.
       Тәрбие жұмысының мәселелері педагогикалық және қамқоршылық кеңестер отырыстарында қарастырылады. 550 оқушылық өзін-өзі басқару органы жұмыс істейді. «Кәсіп kz» республикалық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жастар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі құрылды.
       ТжКБ оқу орындарындағы тәрбие жұмысына жүргізілген талдау қазіргі жағдайда өскелең ұрпақты тәрбиелеу проблемалары жедел шиеленіскенін көрсетеді. Бір жағынан студент жастарды дербестігі, іскерлігі мен икемділігі, өзінің тағдырына жауаптылығы, сапалы білім алуға және кәсіби даярлануға аса қызығушылық танытуы ерекшелендіреді. Екінші жағынан өтпелі жасқа, стрестік жағдайларға, толық емес отбасындағы тәрбиеге, ата-аналардың тәрбиеге уақытының жетіспеушілігіне, жастар арасындағы психологиялық жанжалдарға және тұрмысы нашар отбасыларға байланысты проблемалар бар. Білім алушылардың бір бөлігі девианттық мінез-құлықты адамдардың санатына қосылып кетеді. Сондай-ақ колледждер мен кәсіптік лицейлердегі тәрбие жұмысының проблемалары менталитетті, өмір сүру салтын, әлеуметтік-экономикалық факторларды өзгертудің күрделі процестеріне негізделеді.
       Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда әлеуметтік педагогтердің, психологтардың жетіспеушілігі, спорттық секциялар, клубтар, үйірмелер, тренажерлық залдар, мәдени-бұқаралық, спорттық-сауықтыру іс-шаралары санының жеткіліксіздігі, жүйелі мониторингтің болмауы сияқты проблемалар бар. Сауалнама деректерінің талдауы бейімделу кезеңінде студент жастармен нақты жеке жұмыс жүргізу қажеттігін көрсетеді.
       Жоғары білім
       Елдегі 146 жоғары оқу орнында 629 000-нан астам адам оқиды. 16-23 жас аралығындағы жастардың статистикалық үлес салмағы шамамен 2 127 289 адамды құрайды. Олардың 50%-ы ұлдар, 50%-ы қыздар. Бакалавриатта және магистратурада білім алушы қыздардың пайыздық арасалмағы ұлдарға қарағанда көп. Білім алушы студенттердің арасында 51%-ы ауылдық жерден келген жастар, магистратурада олардың үлесі 42%-ды және докторантурада 20%-ды құрайды. Білім алушылардың ішінде жетім студентттердің пайызы өте төмен (студенттердің 1%-ы).
       Жоғары оқу орындарында барлығы 533 спорттық секция жұмыс істейді. Оларда орташа қамту студенттердің 10%-ға жуығын құрайды. Студенттердің тұрмыс саласының инфрақұрылымы нығайтылған. Барлық жоғары оқу орындарында тұрмыс, кір жуу және жуыну бөлмелері бар. Сонымен қатар, асханалар, буфеттер, оқу залдары, спорт залдары және спорт кешендері. 7 жоғары оқу орнында бассейн бар.
       Жоғары оқу орындары кең ақпараттық жұмыс жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ білім беру саласындағы, әсіресе интернет кеңістігіндегі жаңалықтарды іске асыру жөніндегі іс-шараларды жариялау бойынша белсенді жұмыс жүргізіледі.
       Жоғары оқу орындарында тәрбиелеу және бос уақытын өткізу қызметінің орталықтары құрылуда, студенттің өзін-өзі басқару қызметі және студенттер арасындағы патриоттық жұмыс жандануда. Жоғары оқу орындарында тәрбие қызметін басқаруда тәрбиені ұйымдастыруды және оның мазмұнын қамтамасыз ететін жетекшілерді бекітетін Ғылым Кеңесі негізгі рөл атқарады. Тәрбие жұмысын басқаруды тәрбие жұмысы жөніндегі проректор жүргізеді. Тәрбие жұмысын күнделікті жүзеге асыру академиялық топтардың кураторларына жүктелген. Жұмыс мазмұны мен тәрбие процесін басқарудың аталған барлық субъектілерінің функциялары жоғары оқу орындарының жалпы ережелерінде айқындалады.
       Эксперимент режимінде 4 ұлттық жоғары оқу орнында (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚазҰАУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ) жоғары оқу орындарының Даму стратегиясы, сондай-ақ оларды іске асыру жоспарлары әзірленген. Аталған құжаттар шеңберінде тәрбие жұмысы жөніндегі іс-шаралар қарастырылған және іске асыру индикаторлары мен көрсеткіштері анықталған.
       Тәрбие жұмысы – үнемі жетілдіруді талап ететін процесс. Отбасының әлеуметтік институтының тәрбиелік рөлінің әлсіреуі, салауатты өмір салты дағдыларының жеткіліксіз қалыптасуы, тұлғаның қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының жағымсыз әсері, педагогтердің қазіргі заманғы тәрбие технологияларын жеткіліксіз меңгеруі, қызығушылығы бойынша балалар мен жастар бірлестіктері желісінің (клубтар, үйірмелер, секциялар және т.б.) шектеулілігі және олардың қызметімен жеткіліксіз қамтылу нәтижесі құқықбұзушылық пен суицид санының азаймауы, темекі шегуге және алкоголизмге ерте араласу сияқты жағымсыз салдарға әкеледі. Одан басқа, әртүрлі деструктивті діни ағымдардың негізгі мақсатты аудиториясы жастар болып табылады.
       Көп жағдайда жас адам бір мекемеден басқа мекемеге ауысқан кезде балалық-ересектік-жас кезеңдегі тәрбие сәттерінің бірізділігі мен келісілгендігі байқала бермейді, өйткені әрбір білім беру мекемесі өз тәрбие жүйесін өз бейіні мен қызметінің бағытына сәйкес құрады.

3. Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік
 құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспардың мақсаты
 мен міндеттері

      Бүгінгі күні білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда кездесетін жоғарыда аталған проблемалар жүйелі тәсілді қажет етеді.
       Барлық деңгейдегі ұйымдарда тәрбие жұмысын күшейту үшін тәрбиенің мазмұнын, нысандарын, әдістері мен құралдарын қайта қарау қажет.
       Осыған байланысты, тәрбие жұмысын одан әрі жетілдірудің тұтас пайымын айқындайтын барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды әзірлеу маңызды болып табылады.
       Жоспар «Қазақстан-2030» Қазақстан 
дамуының стратегиясы мен Қазақстанның Ұлт бірлігі доктринасының құндылықтары мен идеологиялық ұстанымдарының кешенін, ең алдымен, жас ұрпақты өзара құрмет көрсету, патриоттық, дәстүрді, рухани және адамгершілік құндылықтары мен мемлекеттің, қоғам мен отбасының мызғымастығына бағытталған дүниетанымдық ұстанымдарды сақтау және нығайту рухында тәрбиелеу факторларын қамтиды.
       Жоспар жас ерекшеліктерін және тәрбие жұмысының қазіргі заманғы әдістері мен нысандарын ескере отырып әзірленген және мынадай бағыттардан тұрады:
       1) тәрбие процесін ғылыми-зерттеу және әдістемелік қамтамасыз ету;
       2) патриотизмді, мораль мен парасаттылық нормаларын, этносаралық және қоғамдық келісімді, заңға мойынұсынушылықты, сондай-ақ өскелең ұрпақтың дене және рухани дамуын қалыптастыру;
       3) тәрбие жүйесінің кадрлық әлеуетін жетілдіру (біліктілігін арттыру);
       4) ақпараттық насихаттау жұмысы.
       Жоспар шеңберінде барлық білім беру деңгейлері бойынша тәрбие бағдарламаларының іске асырылу тиімділігіне моноторинг жүргізу, тәрбие құрамдасын күшейту мақсатында оқу-тәрбие кешендері мен бағдарламаларына талдау жүргізу, сондай-ақ әлемдік озық тәжірибелерді зерттеу және қорыту көзделген.
       Жалпы адамзаттық құндылықтарды, Қазақстанның тарихи тәжірибесін, педагогтердің жаңашыл тәсілдерін ескере отырып, тәрбие жүйесін жаңарту әдістемелерін әзірлеуге ерекше көңіл бөлінген.
       Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету оқу және арнайы бағдарламалар кешенін, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелерді әзірлеуді, жас ерекшеліктерін ескере отырып педагогикалық нысандар мен құралдардың көптүрлілігін пайдалануды; тәрбиенің нысандары мен әдістерін дамытуды және жетілдіруді; оқу-әдістемелік әзірлемелердің нәтижелерін қорыту, білім беру жүйесінің өкілдеріне осы саладағы жаңалықтар туралы хабарлауды; отандық және шетелдік озық педагогикалық тәжірибені ескере отырып, осы сала қызметін жариялайтын тиісті әдебиеттерді тұрақты басып шығаруды, мектеп оқушыларының, колледждер мен жоғары оқу орындары студенттерінің патриоттық сана-сезімдерін қалыптастыру ерекшеліктерін анықтау мақсатында тәрбие бағдарламаларына сараптама жүргізуді қарастырады.
       Тәрбиенің инновациялық әдістерін әзірлеу барысында «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының және «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибелерін белсенді пайдалану жоспарланған.
       Сонымен қатар, патриоттық тәрбие саласында зерттеулер ұйымдастырылып, олардың нәтижесі практикалық қызметте пайдаланылады; азаматтың тұлғасын қалыптастыру және дамыту проблемалары бойынша әдістемелік ұсынымдамалар әзірленеді; патриоттық тәрбие мазмұнын әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы маңызды жетістіктер негізінде мәдени-тарихи рухани-адамгершілік, идеологиялық және басқа құрауыштарды қосу арқылы байыту көзделген.
       Патриотизмді, мораль мен парасаттылық нормаларын, этносаралық және қоғамдық келісімді, заңға мойынұсынушылықты, сондай-ақ өскелең ұрпақтың дене және рухани дамуын қалыптастыруды жас ұрпақтың санасында еліктеуге үлгі ретінде табысты қазақстандық адамның бейнесін жасау үшін танымал адамдарды тарту арқылы жүзеге асыру қарастырылған. Сондай-ақ, отбасын тәрбие процесіне белсенді тарту қамтамасыз етіледі.
       Жоспарды әзірлеуде барлық азаматтардың теңдігі мен елдің қоғамдық-саяси өмірінее қатысуына кепілдемені, жеке басының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін ұлт бірлігінің факторы ретінде қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүріне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеуге басты назар назар аударылды.
       Тәрбие жүйесінің кадрлық әлеуетін дайындау және жетілдіру шеңберінде балалар мен жастарға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөнінде бағдарламалар мен оқу жоспарлары әзірленеді. Тәрбие жұмысымен айналысатын тұлғалардың жауапкершілігін арттыру мақсатында педагог кадрлардың ұтқырлығы мен кәсіби деңгейін арттыру жүйесін әзірлеу жоспарлануда.
       Бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде Интернет арқылы насихат жұмысы күшейтілетін болады. Мысалы, отандық өндірістегі балалар басылымдарының (газеттер, кітаптар, журналдар), әртүрлі бағыттағы жастар мен балалар телебағдарламаларының санын көбейту қарастырылған.
       Үлгілік кешенді жоспардың іс-шаралары тәрбие жұмысы процесіне жастардың өздерін, олардың барлық жасерекшелік топтарын тартуға және қатыстыруға бағытталған.
       Үлгілік кешенді жоспардың іс-шараларын өткізу шеңберінде қоғамның, оның ішінде ата-аналар мен азаматтық қоғам институттарын тарту форматтары қарастырылған.

4. Күтілетін нәтижелер

      Үлгілік кешенді жоспарды іске асыру қорытындылары бойынша балалар мен оқушы жастардың бос уақытын өткізуді қамтамасыз ету, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыру, қазақстандық патриотизмді, азаматтық сана-сезімді, жалпы мәдениетті, салауатты өмір салтын, өзін-өзі кәсіби анықтауды қалыптастыру үшін тиімді тәрбие жүйесін құру күтіледі.
       Білім және тәрбие процесін іске асыруда ата-аналарды педагогтермен және балалармен бірлескен шығармашылық, бірлескен авторлық процеске тарту үшін үштағанның өзара іс-қимылын қарастыратын тәрбие жұмысының жаңа нысандары мен технологиялары дамитын болады.
       Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық саны мейлінше төмендейді.
       Барлық жерге жетекші білім беру ұйымдарындағы тәрбие жүйесінің инновациялық тәжірибесі таратылады.
       Тәрбие міндеттерін іске асыру үшін педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру қамтамасыз етіледі.
       Жалпы білім беру жүйесінің барлық деңгейінде тәрбиенің үздіксіздігі мен бірізділігін қамтамасыз етуге қол жеткізіледі.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив