Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу туралы » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу туралы
01
июнь
2022

Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы

Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың 

құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық 

комиссия отырысының шешімі

                                               

                                              № 9


Астана қаласы                                                         2011 жылғы «18» сәуір


Төрағалық етуші:                                        ҚР Білім және ғылым министрі                         

                                                                      Б.Т. Жұмағұлов 


Қатысушылар:                                        Комиссия мүшелері және                                                                                                             мүдделі мемлекеттік                                                                                                                         органдардың өкілдері                                                                                          (тізім бойынша)


Қатыспағандар:        ҚР Сыртқы істер министрлігінің                                                                       өкілі


1. Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу туралы

(Б.Т. Жұмағұлов, Е.Ә. Байжүнісов, Г.Ж. Қоқанова, Ә.Ә. Бектаев)


1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты назарға алынсын.


2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша комитеті:

1) кәмелетке толмағандар арасындағы суицид фактілерінің шынайы және толық статистикасын қамтамасыз етсін.


3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі:

1) 2011 жылғы қыркүйекке дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пайдаланатын әдіс бойынша балалар мен жастардың арасында суицид жағдайлары туралы мәлімет жинау механизмін әзірлеу бойынша ведомствоаралық үйлестіру тобын құрсын;

2) 2011 жылғы желтоқсанға дейін мүдделі министрліктер мен ведомстволардың пайдалануы үшін суицид жағдайлары бойынша мәліметтердің электрондық базасын құрсын.

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:

1) Кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу жөніндегі 2011 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бірлесіп орындау бойынша жұмысты жалғастырсын;

2) Өзі-өзіне қол жұмсауды болдырмаудың ұлттық орталығын құру мәселесін талқыласын; 

3) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін Өз-өзіне қол жұмсауды болдырмаудың АҚШ-тағы ұлттық стратегия үлгісі бойынша суицидтің алдын алудың кешенді бағдарламасын әзірлесін;  

4) психиатриялық, медициналық-психологиялық көмекке қол жетімділікті арттыру, жасөспірімдер мен жастар арасындағы суицидтік мінез-құлықпен бірге жүретін психикалық ауытқушылықтың, кері әсер етудің алдын алу, ерте анықтау жұмыстарын жұртшылықпен жүргізсін;

5) микроәлеуметтік жанжалды шешуге бағытталған отбасылық психотерапия бойынша жұмысты ұйымдастырсын;

6) 2011 жылғы қыркүйекке дейін жоғары медициналық оқу орындарында суицидолог-мамандарды дайындау мәселесін талқыласын.


5. Қазақстан Республикасы Контакты және ақпарат министрлігі:

1) Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу жөніндегі 2011 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын орындау жұмыстарын жалғастырсын;

2) бұқаралық ақпарат құралдарында салауатты өмір салтын қалыптастыруды, өмірге оң көзқараспен қарауды ең жоғары құндылық ретінде қалыптастыру бойынша кең көлемді науқанды жыл бойы ұйымдастырсын;

3) елімізде «сенім телефондары», «қоғамдық қабылдау бөлмелері», «дағдарыс орталықтары» қызметін жарнамалау бойынша пиар-акцияларды өткізсін;

4) жыл бойында жетекші басылымдарда «Бақытты балалыққа құқық», «Әлем қандай тамаша!» және т.б. айдарларын ашсын.


6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:

1) кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлық мәселесіне үнемі мониторинг жүргізіп, талдау жұмыстарын іске асырсын;

2) 2011 жылғы қыркүйекке дейін мектеп психологтарына, әлеуметтік қызметкерлер мен педагогтерге әлеуметтік-психологиялық тренинг сабақтарды жүргізу жөнінде ұсынымдамалар әзірлесін; 

3) 2011 жылғы маусымға дейін жаңа үлгідегі ата-аналар лекторийлерін, конференцияларды, дөңгелек үстелдерді өткізу арқылы қиындық кезінде өзара көмек көрсету мәселелері бойынша ата-аналарды психологиялық ағарту туралы  ұсынымдар әзірлесін;

4) 2011 жылғы қыркүйекке дейін Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, «Школыдегі денсаулық индексі» бағдарламасын құру мәселесін пысықтасын.


7. Жергілікті атқарушы органдар

1) кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің профилактикасы мен алдын алу жөніндегі жұмыс топтарының қызметін белсендірсін;

2) балалар мен жастарға практикалық көмек көрсету үшін әлеуметтік-психологиялық қызметтердің, «сенім телефондарының» желісін дамытсын;

3) балалар мен жастарға арналған бос уақытты өткізу орталықтарының және қосымша білім беретін мекемелердің қолжетімділігін қамтамасыз етсін.

  

2. Сәбилер үйлерінің қызметін жетілдіру туралы (Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы ұсынымының қорытындылары бойынша)

      (Б.Т. Жұмағұлов, Г.А. Өмірәлі, Е.Ә. Байжүнісов және т.б.)


1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ақпараты назарға алынсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:

1) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тексерісі барысында анықталған кемшіліктерді одан әрі болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдасын;

2) Сәбилер үйлерінің қызметін ұйымдастыру ережесіне аталған мекемелерді лицензиялау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарастырып, штат санының нормативін қайта қарасын;  

3) сәбилер үйлерінің қызметі ерекше бақылауға алынсын;

4) сәбилер үйлерінің бас дәрігерлері:

- қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды орындайтын білім беру органдарына балаларды одан әрі орналастыру мақсатында сәбилер үйлеріне түскен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы уақытылы ақпарат беруге;

отбасына одан әрі орналастыру мақсатында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың ата-аналары мен туысқандарын іздестіру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауға;

- мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақылардың уақытылы тағайындалуы мен төленуін қамтамасыз етуге;

- баланы мекемеден алуға бас тартқан жағдайларда ата-аналардың ата-аналық құқықтарын айыру немесе шектеу бойынша уақытылы шараларды қабылдауға міндеттелсін.


3. Жергілікті атқарушы органдар:

- денсаулық сақтау органдары ішкі істер, білім беру, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарымен бірлесіп, сәбилер үйлерінде тәрбиеленіп жатқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара тығыз әрекеттесуін қамтамасыз етсін;

- одан әрі орналастыру үшін перзентханалардағы, перинаталды орталықтардағы, сәбилер үйлеріндегі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды уақытылы есепке алу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын.


3. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары қызметін ұйымдастыру туралы.

(Б.Т. Жұмағұлов, М.Н.Сарыбеков және т.б.)


1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараты назарға алынсын.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті:

1) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары балалардың құқықтары мен олардың заңды мүдделерін қорғау қызметін үйлестіру және бақылау жөніндегі жұмысты жалғастырсын;

2) 2011 жылғы екінші тоқсанда Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының қызметін жетілдіру жөнінде әдістемелік нұсқаулықтар әзірлесін;

3) орталықтар қызметінің жай-күйіне, оның ішінде кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеу жөніндегі мониторингті жүзеге асырсын;

4) кәмелетке толмағандар арасындағы панасыздық және қараусыздық мәселесі бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізуді ұйымдастырсын;

5) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының қызметін ұйымдастыру бойынша үздік тәжірибені жалпыласын.


3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Администрация полициясы комитеті:

1) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты анықтау, есепке алу және алдын алудың жеке шараларын қабылдау бойынша жұмысты жалғастырсын;

2) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жасөспірімдерді орналастыру үшін қажетті құжаттарды уақытылы жинауды қамтамасыз етсін;

3) панасыз және қараусыз қалған балалар мен жасөспірімдерді Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына уақытылы жеткізсін.


4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

1) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының материалдық-техникалық базасын жаңарту бойынша шараларды қамтамасыз етсін;

2) орталықтардың қызметкерлерін жұмысқа қабылдау кезінде үміткерлерге психологиялық диагностика негізінде конкурстық іріктеу жүргізсін;

3) орталықтардың қызметкерлері үшін оқыту және практикалық семинар-тренингтер өткізуді, сондай-ақ біліктілікті арттыру институттарының базасында үш жылда бір рет орталықтар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін;

4) өмірде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды, олардың ата-аналарына көмек көрсету және Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына түскен балаларды уақытылы орналастыру бойынша орталықтардың басқа органдармен өзара іс-әрекеттерін қамтамасыз етсін;

5) кәмелетке толмағандар арасында панасыздықтың және қараусыздықтың, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жөнінде ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру, өз балаларының тәрбиесімен айналыспайтын қолайсыз отбасылардың әлеуметтік патронажын жүзеге асырсын;  

6) Орталық мамандарының кәмелетке толмағандарды жақын және алыс шет елдерден олардың тұрғылықты мекенжайларына жеткізуін ерекше бақылауға алсын.


5. Қарағанды, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдері 2011 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде Қарағанды, Орал және Тараз қалаларындағы Орталықтарға жеке ғимарат бөлу жөніндегі мәселені шешсін.

6. Алматы, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының және Астана қаласының әкімдері                   2011 жылдың соңына дейін орталықтар ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізсін.

7. Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстары, Астана қаласының әкімдері 2011 жылғы 1 маусымға дейін қызметкерлер құрамын қалыптастырып, орталықтарды білікті мамандармен жасақтасын.

8. 2011 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қабылданған шаралар туралы ақпарат берсін.


4. Қосымша білім беру ұйымдарында балаларды жұмыспен қамту және кәмелетке толмағандар үшін әлеуметтік бос уақытты өткізу құрылымын дамыту туралы

 (Б.Т. Жұмағұлов, Б.С. Кәрімжанов, Ү.Б. Жексенбаева)

  

         1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараты назарға алынсын.

  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:

         1) Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың             2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының  103, 104, 105, 107, 182, 183, 186, 192, 193-тармақтарын орындауды қамтамасыз етсін; 

         2) Балаларға қосымша білім беру тұжырымдамасын әзірлесін (2011 жылғы маусым);

         3) қосымша білім берудің нормативтік құқықтық базасын және жекелеген бағыттардың, оның ішінде көркемдік-эстетикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық-биологиялық, туристік-өлкетану, әскери патриоттық, әлеуметтік-педагогикалық, білім беру-сауықтыру және т.б. бағыттардың мазмұнын жаңартсын.


         3. Қазақстан Республикасы Туризм  және спорт министрлігі Ішкі істер, Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктермен бірлесіп:

         1) қосымша білім берудің ғылыми-техникалық және спорттық-патриоттық бағыттарын жетілдіру жөнінде үйлестірілген шараларды қабылдасын, сондай-ақ спорттың парашюттік, автокөліктік және өрттік-қолданбалы түрлерін дамытуға ықпал етсін.

  

         4. Жергілікті атқарушы органдар: 

  1) 2011 жылғы тамызға дейін оқушылардың жас ерекшелік топтары бойынша нақты құрылымы және жүйелендірілген қызмет түрлері бар кәмелетке толмағандардың бос уақытын өткізу қызметін дамыту бойынша өңірлік бағдарламалар әзірлесін; 

2) қосымша білім беру ұйымдарында балалардың жұмыспен қамтылуына тұрақты мониторинг жүргізсін; 

3) қосымша білім беру ұйымдарының желілерін кеңейту, оның ішінде аула клубтары мен олардың материалдық-техникалық базасын нығайту жөнінде шаралар қабылдасын.



        Комиссия төрағасы,

Қазақстан Республикасының 

 Білім және ғылым министрі                               Б. Жұмағұлов


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив