01
июнь
2022
Білім күні "Кел, балалар, оқылық!" салтанатты жиын
"Алғабас орта мектебі" КММ де 1 қыркүйек білім күніне орай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 1-сынып оқушыларына "Кел, балалар, оқылық!" тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиын барысында алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Еркинбеков Нұрлан Сатайұлына берілді. Нұрлан Сатайұлы мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерді құттықтады. Іс-шараға 1-сынып оқушылары мен ата-аналары қатысты. Биылғы оқу жылында 1-сынып оқушыларына салтанатты түрде "Әліппе" оқулығы табысталды.