"Мектебім, саған мың алғыс!" соңғы қоңырау » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
25
май
2024

"Мектебім, саған мың алғыс!" соңғы қоңырау

25 мамыр күні «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты жиын өткізілді. «Мектебім, саған мың алғыс!» салтанатты жиыны мектептің спорт залында өткізілді. Алаң шарлармен, плакаттармен, гүлдермен безендірілді. Сондай-ақ   соңғы қоңырау салтанатты жиынын өткізуге арналған сценарий құрылып мектеп директорымен бекітілді. Салтанатты жиын жүргізушілердің әдемі әндерімен басталды. Салтанатты жиынның қонақтары таныстырылды. Одан кейін соңғы қоңырау әуенімен мектеп бітіруші түлектер 11,9 - сынып құрметпен ортаға шақырылды. Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөзі мен мұғалімдерді марапаттау үшін  мектеп директоры Джексембиева Назерке Нұрбақытқызына берілді. Мереке құрметіне арналып 9-сынып оқушылары Сейтжанқызы Жансая мен Отарбаева Ақнұрдың орындауда «Тек алға!» әні шырқалды. Келесі құттықтау сөз бен мектепті марапаттау үшін  ауыл әкімі Жұмабек Әлішер Қайратбекұлына берілді.   Әлішер Қайратбекұлы оқу жылының аяқталуымен құттықтап, түлектерге ақжол тілеп жылы лебізін білдірді. 

    Мектеп түлектері өздерінен кейінгі 10-сынып оқушыларына өсиеттерін айтып, білімнің алтын кілтін тапсырды. Одан кейін мектеп түлектеріне сөз берілді. Мектеп бітіруші түлектер жүрек жарды құттықтауларын айтып, «Қош бол, мектеп!», «Қимай тұрмын» әнін орындап,  қоштасу вальсін биледі. Сәлден соң мектеп түлектері үшін асыға күткен соңғы қоңыраудың әсем сазы, жүректі дір еткізер үні естілді. 

Салтанатты мерекеде соңғы қоңырау соғу құрметі  мектебіміздің 11 - сынып оқушылары  Иманәлі Әлинұр,Муханова Индира және 1-сынып оқушылары Байжігіт Бекнұр мен Манат Айаруға  берілді. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив