1-қыркүйек Білім күні "Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет"
«Алғабас орта мектебі» КММ де 01 -қыркүйек күні Білім күніне арналған «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты салтанатты жиыны өткізілді.
Салтанатты жиын қонақтарды «Еркесылқым» күйінің әуенімен шақырылды. Жүргізушілер салтанатты жиынның қонақтарымен таныстырды. Одан кейін музыка әуенімен мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз құрметпен ортаға шақырылды. ҚР Гимні шырқалды. Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Джексембиева Назерке Нұрбақытқызына берілді. Мереке құрметіне арналып 8-сынып оқушысы Жансая Сейтжанқызының орындауда «Мен Тәуелсіз қазақтың қызымын» әні шырқалды. Келесі құттықтау сөз Көксу ауданының әкімі Марлен Қапашұлы Көлбаевқа берілді. Марлен Қапашұлы қонақтарды, ұстаздарды, ата-аналарды, оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндерге ақжол тілеп жылы лебізін білдірді. Жылы лебізден кейін ақсақалдар алқасының төрағасы Әуелбек Әбіләкімұлы Артықовқа құттықтау сөз берілді. Құттықтау сөзден кейін мереке құрметіне арналып 10-сынып оқушысы Еркінбек Айғаным «Ұстаздар» әнін орындады.
Келесі кезекте құттықтау сөз мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерге берілді. Бүлдіршіндер Білім күні мерекесіне арналған өлең жолдарын тарту етті.
1-сынып оқушыларының құттықтауларынан соң "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Кітап сыйла" акциясы мақсатында ұстаздық еңбек жолын алғаш бастаған жас мамандар мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге жас мамандар өздерінің жолын берсін деген ақ тілекпен сыйлықтарын табыстады.
Мерекенің құрметіне арнап 7-сынып оқушысы Асылбек Әлфара «Үкілі әуен» әнін тарту етті.
Сәлден соң мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндер үшін, жаңа оқу жылының басталуына байланысты алғашқы қоңырау соғылды.
Салтанатты мерекеде алғашқы қоңырау соғу құрметі мектебіміздің 11 «а» - сынып оқушылары Үркімбай Сұлтан мен Амангелді Аяулымға және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндеріміз Бейбитов Нұрдәулет пен Сенберікқызы Айкерімге беріледі.