"ҚЫСТЫҢ КӨРКЕМ СӘТТЕРІ" сурет байқауы
2024 жылдың 18 қаңтар күні педагог-ұйымдастырушы Г.Нусипбаеваның жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 3,4,5 -сынып оқушылары арасында онлайн форматта сурет байқауы өтті. Сурет байқауының тақырыбы бір сөзбен белгіленді – "Қыстың көркем сәттері".
Мақсаты:Оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдап, өз белсенділігін көрсетуге мүмкіндік беру. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін арттыру.
Сурет байқауына 3,4,5- сынып оқушылары арасынан жалпы -16 оқушы қатысты.
Педагог-ұйымдастырушы Г.Нусипбаева қатысушыларға сурет байқауының өтілетіндігі туралы алдын -ала хабарландару жазып, мектеп дәлізіне іліп, сынып жетекшілер чатына да жіберді.
Оқушылар қарындаштар мен бояулардың көмегімен тақырып аясында қыстың көркем сәттерін өз ойлары мен эмоцияларын қағазға жеткізіп, байқаудың шарты бойынша ұйымдастырушыға өткізді. Барлық жұмыстар қызықты, мағыналы болды. Оқушылар қыстың көркем сәттеріне байланысты өздерінің идеяларын бейнелеуге тырысты.
Сурет сайысының қорытындысында қазылар алқасы әр оқушының жұмысын атап өтіп, 5 оқушының жұмысын үздік деп таңдады.
Сурет байқауының қорытындысы бойынша І орынды 4-сынып оқушысы Амангелді Асыл, ІІ орынды 4-сынып оқушысы Ахан Әмина мен 3-сынып оқушысы Базарбек Бексұлтан, ІІІ орынды 3-сынып оқушысы Хамза Айсұлтан мен 5-сынып оқушысы Амангелді Жанел иеленді. Қалған қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.