Жас мамандарға психологиялық кеңес » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
01
июнь
2022

Жас мамандарға психологиялық кеңес

Жас мамандарға психологиялық кеңес


1. Оптимист болыңыздар!
 2. Ең бастысы мынаны ұмытпаңыздар: балалар-олар да үлкендер;
 3. Ештеңеден қорықпаңыз: тәжірибелі ұстаздарға арқа ссүйеңіз;
 4. Ата-аналармен қалай қарым-қатынас жасау керек? Балалармен қалай қарым-қатынас жасасаңыз, олармен де дәл солай болыңыз. Үлкендер-олар шаршаған үлкен балалар тәрізді;
 5. Администрацияпен қарым-қатынаста мына техниканы ұстаныңыз: Барлығына келісім беріңіз(сізге кеңес берсе де, бұйрық берсе де. Бірақ, өзіңіз дұрыс дегенді ғана істеңіз). Мансап қумаңыз;
 6. Ұмытпаңыз: алғашқы сабақтар, алғашқы танысулар-барлық алғашқы нәрселер үлкен маңызға ие;
 7. Мына ережені ұстаңыз: егер де сіз балаларға ең алдымен еркіндік беріп, одан кейін қаталдыққа барсаңыз-олар сізді ұнатпайды; ал керісінше бірінші қаталдықтанытып, одан кейін босатсаңыз-олар сізге риза болады;
 8. Есте сақтаңыз: сіздің ең басты жұмысыңыз-балалармен қарым-қатынас жасау;
 9. Балалардың көзінше жұмыссыз отырмаңыз;
 10. Өзіңіздің жылуыңызды кім қажет етсе содан аямаңыз;
 11. Мұғалім-әрқшан бірқалыпты, нық, сенімді, жақсы көңіл-күйде болуға тиісті;
 12. Оқушылармен амандасып жүріңіз, бұл өте маңызды;
 13. Өзіңіздің оқушыларыңыз туралы білуге ұмтылыңыз. Олар қалай оқиды, тұрмысы қалай, бұрын қандай болған. Бұл сізге педагогикалық талдау жасауға көмектеседі;
 14. Өз қателігіңізге ұялмаңыз. Балалар үлкендерге қарағанда қатені үнемі кешіреді;
 15.Шешім қабылдарда күдіктенсеңіз, ең жақсысы-асықпаңыз;
 16. Өз-өзіңізді таңертең, күндіз, кешке 3 рет мақтаңыз. Ойлану сіздің ең басты мақсатыңыз;
 17. Бала да болып көріңіз. Балалармен ойнаңыз, күліңіз, секіріңіз. Өзіңіздің мұғалімдігіңізді балалық шағыңыздың жалғасы сияқты қабылдаңыз.


 
Ұстаз..... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да, аңғарымпаз ақыл иесі...., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын,  жақындарына да, жат адамдарына да әділ...., жұрттың бәріне....жақсылық пен ізгілік көрсетіп... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.

Әбу Насыр әл-Фараби.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив