Қатыгездікпен қараудан қорғау құқығы » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
01
июнь
2022

Қатыгездікпен қараудан қорғау құқығы

Қатыгездікпен қараудан қорғау құқығы

Мақсаты: түрлі зорлық-зомбылық көрсету және дұрыс жауапкершілікті жасау қауіпсіз іс-әрекет және туралы ойлануға мүмкіндік беру

Сабақ барысы:

«Рефреминг» 

             Дөңгелек бойынша айтылған сөзге көршісі тәртіппен жақсы, не жаман айтады. (Бірінші қатысушы: «Бүгін жаңбыр тұр – ол жақсы, саңырауқұлақтар өсе бастайды солай кете береді», екінші қатысушы сөйлемді аяғына дейін тыңдап және ол туралы жаман бірдеме айту керек: «саңырауқұлақтар өсе бастайды – ол жаман, балалар оны жинай бастайды және уланып қалу мүмкін». Келесі қатысушылар: «Балалар уланса – ол жақсы, олардың асқазандарын тазартады, одан кейін олар келесі жолы сақ болады» және с.с.). Жаттығудың мақсаты – болып жатқан оқиғаларға қатысын көрсету, әр нәрсені жан-жақтан көруге үйретеді,  Ауызша біріктіру. 

              «Қатыгездікпен қарау» түсінігіне ой жүгірту. Әр қатысушы өзінің ойларын жазып және өз анықтамаларын түсінік береді. 

Балаларға кестені толтыру ұсынылады, әр бағандағы сөзге анықтамаға беру қажет (1 қосымшада әр терминге анықтамасын түсінік шектеу қою керек). 

            Бұл сабақта балаларды 4 топқа бөледі (онда әр топ терминнің анықтамасына түсінік береді).          Немесе әр топқа өз кестесін толтыру ұсынылады. 

«Қатыгездік» 

«Зорлық»       

«Дөрекілік»   

«Зорлық емес».

Мақұлданатын болжамдар: Жәбірлеу Мас күйінде рульде отыру. Кешкі уақытта музыканы бар дауысына қою. Есірткіні қолдануға қинау. Соғыс. Сұрақтарды жауапсыз қалдыру.Әскерге шақыру.Баланың түсінігі  Қоғамдық көлікке отыру  Кісі өлтіргені үшін сотталғанға өлім жазасы. Көлік баланы басып кетпеу үшін оны итеріп жіберу.Киім киісіне байланысты оны клубқа кіргізбеу. Амандасқанына жауап қайтармау.Мина.Көшеде қатты дауыс шығарып шақыру.Қабырғалардағы ұлтқа қауіп тудыратын ұрандар.Медициналық тәжірибе үшін хайуандарды қолдану.Су немесе жарықтын болмауы.Мектепте оқу.Басқалардан қарағанда дауысты қатты шығару.Дене кемістігіне кемсітіп, лақап ат қою.Темекі шегу.   Ақымақ .

Пікір алмасу: 

-  Күш көрсету дережесін анықтау үшін қандай қиыншылықтарға тап болдыңыз?  

-   Қандай пайымдар ең күшті әсер қалдырды? 

-   Неге сіз бір пайымды бірнеше топқа жатқызасыз?

-   Сіз қала есептейсіз, қатыгездікпен қарау себептері не деп?

-  Балаға қатысты қатыгездікпен қарау бастамашысы бола алады? (Маңызды!тек қана ересек адамдарды ғана атап қоймай – мұғалімдерді, ата-ананы, көршілер және т.б. – бірақ бастамашы болып басқа бала да болуы мүмкін, оның ішінде өздеріде болуы мүмкін Сондықтан, егер топ осы сияқты нұсқаларды қарастырмаған болса, онда мысалдар келтіре отырып, осындай пікірге итермелеу. Маңызды! Жеке тұлғаға көшуге болмайды)

    Зорлық-зомбылық түрлері туралы ақпарат, қатыгездікпен қарау, құрбандық әсерінен (материал 2 қосымшада берілген).

 Қауіпті жағдайлардың дәрежесін анықтау

Қатысушыларға топтарға бөліну ұсынылады және жағдайларды анықтауда кәртішкелер таратылады. Осы тапсырмалары: осы жағдай қауіпті немесе қауіпті емеспе  анықтау керек. Әр топ өз жауаптарын дәлелдеу қажет. 

Болжамды жағдайлар:

- Қызбалаға ер адам келіп ауыр сөмкесін көтеруге көмектесуді ұсынады...

- Жас адамды достары өз саяжайға шақырады...

- Онбес жасар ұл балаға дискотекада темекі ұсынады...

- Бес жасар бала жылап тұрып, алты жасар қыз баладан есікті ашып беруге көмек сұрайды...

- Кәрі ер адамды көшенің қараңғы бұрылыстарында бейтаныс адамдар ізіне түсіп келеді..

- Кіре беріске қыз баламен бірге бейтаныс ер адам бірге кірді...

- Жақында танысқан дос кісі қыз балаға шет елде жоғары төленетін жұмыс ұсынады...

- Бойжеткен электричкада келе жатқанда бос вагонға ер ажам кіреді…

- Кәрі әже екі қыз баланы жолдан өткізіп жіберуге көмек сұрайды...

Талқылау:Қалай анықтауға болады, сіз өзіңіз түскен оқиғаны, сіз үшін қауіптіме деп ойлайсыз?

Неліктен, оларға «қауіпті емес» немесе «даулы» болып анықталған оқиғалар, қауіпті болуы мүмкін. Қатерден сақ болу үшін осындай жағдайларда өзінді қалай ұстау керектігін талқылау.

- Мынадай пікірлер бар, адамдар, ересектер де, балалар да көп жағдайда зорлық-зомбылықты ушықтырады, онда оған олар өздері себепші. Сіз осымен келісесіз бе? Неліктен?

Сөз соңында айтуға болады, барлық оқиғалар қауіпті болып табылады. Бұл оқиғалар өмір тарихынан алынғандар. Олардың әрқайсысында адамдар (ересектер, жасөспірімдер, балалар) озбырлық көрді: дене күш жұмсау, жыныстық қорлық, психологиялық. 

5. «Қауіпсіз жүрістердің нұсқаулығы» жаттығулар 

Әрбір қатысушыға өзінің қауіпсіз жүріс ережесін жасау ұсынылады. Одан кейін балаларды жұппен біріктіріп, оларға өз слабовидящихн талқылап және бір тұтас құжат жасау, онда соң оны талқылауға 3-4 топқа ұсыну және жалпы талқылаудан кейін топтық жұмыстың нұсқаулығын ұсыну. Өздерінің қауіпсіз жүрістерінің ережесін ойластырып, атау беру. 



Рефлексия.             Өзіңіздің алғашқы «зорлық-зомбылық» деген ұғымға берген түсінікке қайтадан оралыңыз және сабақ барысында сіздің көзқарасыңыз өзгердіме соны байқап қараңыз. Одан кейін «қатыгездікпен қарау» анықтама беру және балалардың жауабын жинақтау. 

1 қосымшаБалаға қатысты зорлық – бұл дене немесе эмоционалды қатал қарым-қатынас, сексуалды қорлық, қаңғыбастық немесе ата-ана міндеттерінен ауытқу, коммерциялық немесе басқа да қанау, баланың денсаулығына, дамуына немесе намысына, сеніміне зиян келтіретін барлық формалардың түрлері. 

Бала құқығы туралы Конвенция балалардың  барлық зорлық түрлерінен қорғалуға құқығы бар, балаларға қатысты зорлық көлемінің ауқымын мойындайды және көрсетеді. Зорлық деген сөздің астарында ұрлау,   балалар өлімі, өлім, дәстүрлі тәжірибеге байланысты жарақат алу,  сондай – ақ   жыныстық, психикалық және тұлғалық   балаларға  қатысты «тәртіп шаралары» сияқты тұлғалық жазалауды қосқанда қиянат жасау түсінігі жатыр. 

Балалардың құқығы туралы Конвенция балаларға қатысты зорлықтың  қандай түрі болсын, қай жерде болсын ешқандай ақтала алмайды дейді.   Конвенцияға сәйкес  балалардың «тұлғалық және психологиялық зорлықтың кез-келген түріне» тұлғалық және жеке қол сұғылмаушылыққа құқығы бар.  Конвенция зорлықтың  барлық түрі зиянды және баланың  өміріне  кері әсерін тигізетінін мойындайды. Зорлық көрген балалар көбінесе дұрыс тамақтанбайды да түрлі  ауруларға душар болады, мектепте  нашар оқиды, өзін-өзі бағалауы төмен болады.    

     Конвенцияға  сәйкес балаларға  қатысты зорлық көрсету  адам құқықтарының бұзылғандығын  көрсетеді.      Зорлық-зомбылық келесі құқықтарды бұзады: 

  - заң алдында бәрінің бірдей қорғалуын; 

  - қатал қарым-қатынасқа берілмеу құқығын; 

  - өмір сүруге және  жеке өміріне қолсұғылмашылық құқығын; 

  -тұлғалық және психологиялық денсаулықтың  жоғары  стандарттыры құқығы. 

Зорлық-зомбылықтың  құрбандары – отбасында, білім беру және қорғаншылық  мекемелерінде (физикалық,  жыныстық, психологиялық зорлық, кемсітушілік немесе қиянат жасаушылық, қамқорлықтың  болмауы, дөрекі қарым- қатынас пен қанаушылық ) жағдайға тап болған балалар.  

Зорлық – зомбылық  түрлері 

1.  Физикалық   зорлық:  Соққы, жармасу, алақанмен немесе жұдырықпен  не болмаса басқа да нәрселермен ұру, ешқайда шығармау, тұншықтыру, соққыға жығу, ұрып – соғу,  қару- жарақ қолдану,  отпен зақымдау, әлеуметтік немесе медициналық  көмектің   жәбірленушіге қолжетерлік   жағдайда болмауы және  т.б. 

2. Жыныстық   зорлық: 

Күшпен, қорқыту немесе бопсалау арқылы жыныстық қатынасқа  көндіру, зорлау; жыныстық қатынастағы әрекет арқылы жәбірленушінің денсаулығына қиянат жасау және т.б. 

3. Психологиялық зорлық:

Сөзбен кемсітушілік,   бопсалау, құрбандарға және басқаларға өзіне қатысты зорлыққа қоқанлоқы, жеке заттар мен  домжануарларына қатысты зорлық арқылы қорқыту;  аңду; жәбірленушінің қызметін бақылау; жәбірленушінің   араласатын ортасын  бақылау; зәбірленушінің  әр түрлі орындарын (әлеуметтік  және медициналық көмегін, жолкөлігін, достарымен араласуын, білім алуын,   жұмысын және т.б.) бақылау. 

4. Эмоциялық   зорлық:  жәбірленушіні  өзін кемсітетін  әрекеттерге күшпен көндіру, жәбірленушінің  күн тәртібіне бақылау жасап  отыру т.б. 

5. Экономикалық зорлық: 

Балаларды   қамтамасыз етуден бас тарту;   табысты;  отбасылық  қаражатты оң- солды жұмсау, көптеген  қаражаттық   шешімдерді өз бетімен қабылдау ( азық – түлік  алуда   балалардың қажеттіліктері есептелмейді).     

6. Балалар еңбегін қанау:   

күшпен жұмыс істету, құлдық,  қорқытып алу, қайыршылық.

Отбасындағы зорлық туралы аңыздар мен шындық  

              Қазіргі уақытта баланы отбасында қорлау сирек кездеседі. Ол өткен кезеңде адамдар қатал болған кезеңде қалып қойған.        

Ішкі істер министірлігінің статистикасы бойынша орын алған қылмыстың көбісі – ол отбасы – тұрмыстық жағдайда болған қылмыстар. 

Зорлық әлеуметтік деңгейі төмен отбасыларында ғана болады.           

Зорлық әлеуметтік деңгейі әр-түрлі және жұбайлардың білім деңгейі әр-түрлі отбасыларында болуы мүмкін. Бұның ерекшелігі әлеуметтік деңгейі төмен отбасыларындағы зорлық барлық адамдардың көзінше бола береді, ал әлеуметтік деңгейі жоғары отбасыларында бұндай жағдайды көбінесе жасырады. 

    Зорлықтың бір себебі алкоголизм.

Шынымен, зорлық жасау актілері көбінесе алкоголдік жағдайда болған кезде орын алады. Зомбылықтың орын алуына алкогол кінәлі емес, оны жасаған адам кінәлі. Сондай-ақ кейбір зомбылықтың иесі «салауатты өмір салтын» ұстанатын еркек немес әйел болуы мүмкін. 

Отбасындағы зорлық, ол болса да ол отбасының жеке мәселесі..        

Отбасындағы зорлық – бұл қылмыстық жазаланатын әрекет. Көптеген елдерде заңгерлер мен адвокаттар отбасындағы зорлық барлық қылмыс түрлерінен бірінші орында деп санайды. Насилие в семье – это уголовно наказуемое деяние. Егер отбасындағы зорлыққа ертерек аралассаң, онда барлығы қолайлы бітуге мүмкіндік мол.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив