БҰҰ "Балалардың құқықтары туралы" Конвенция » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » БҰҰ "Балалардың құқықтары туралы" Конвенция
06
сентябрь
2021

БҰҰ "Балалардың құқықтары туралы" Конвенция

Біріккен Ұлттар Ұйымының бала құқығы туралы конвенциясы - балалардың құқықтарын қорғауға өзіне міндеттеме алған елдерде ратификацияланған маңызды келісім.
Бала құқығы туралы конвенцияда балалардың кім екендігі түсіндіріледі, сондай-ақ олардың барлық құқықтары мен үкіметтің міндеттемелері тізіліп көрсетіледі. Барлық құқықтар өзара байланысты, олардың барлығы да бірдей маңызды және де оларды балалардан бөлек қарастыру мүмкін емес.
1. Бала жайлы анықтама
Өз елінің заңына сай 18 жасқа толмаған әрбір адам бала болып табылады, және ол осы Конвенцияда бекітілген құқықтарға ие.
2. Кемсітушілікті болдырмау
Әрбір бала нәсіліне, терінің түсіне, жынысына, тіліне, дініне, әл-ауқаты мен әлеуметтік шығу тегіне қарамастан, осы Конвенцияда көрсетілген барлық құқықтарға ие. Ешкімді кемсітуге болмайды.
3. Баланың мүдделерін қорғау
Шешімдерді қабылдау барысында үкімет балалардың мүдделерін барынша қамтамасыз етіп, оларға ерекше қорғау мен күтімді көрсетуі тиіс.
4. Құқықтарды іске асыру
Үкіметтер елдегі әрбір баланың Конвенцияда бекітілген құқықтарды пайдалана алуы үшін барлық жағдайды жасаулары қажет.
5. Жанұяда баланы өсіру мен баланың қабілеттерін дамыту
Үкімет баланың даму ерекшеліктерін ескере отырып, ата-аналардың баланы тәрбиелеудегі құқықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктерін құрметтеуі тиіс.
6. Өмір сүру, аман болу және даму құқығы
Әрбір баланың өмір сүруге құқығы бар, және үкімет баланың психикалық, эмоциялық, ақыл-ой, әлеуметтік және мәдени деңгейін қолдай отырып, оның аман-есен, сау болып дамуын қамтамасыз етуге міндетті.
7. Аты-жөні мен азаматтығы
Әрбір бала туылғанда аты-жөні мен азаматтығын алуға құқылы, сондай-ақ өз ата-аналарын білуге және олардың қамқорлығына сүйенуге құқылы.
8. Даралықты сақтау
Үкімет баланың өз даралығын сақтау құқығын құрметтеуі тиіс, оның ішіне есімі, азаматтығы және отбасылық байланыстары кіреді. Егер бала олардан айырылған жағдайда, үкімет оған барынша тез қалпына келітіруге көмектесуі керек.
9. Ата-анасымен айырылысу
Бала ата-анасынан айырылмауы қажет, оны тек оның мүддесін қорғау үшін ғана жасауға болады. Мысалы, егер бала тиісті ата-аналық күтім алмаса немесе ата-анасы балаға қатігездік көрсететін болса. Егер бала ата-анасының біреуінен, не екеуінен айырылатын болса, ол олармен үнемі түрде көрісіп тұруға құқылы (тек баланың мүддесіне қайшы келетін жағдайлардан басқа). Егер үкіметтің шешімі нәтижесінде бала ата-анасының біреуінен, не екеуінен айырылатын болса, онда үкімет балаға оның ата-анасының мекен-жайы жөнінде ақпаратты беруге міндетті (тек балаға зиян келтірілетін жағдайлардан басқа).
10. Жанұяның қайта бірігуі
Егер бала мен оның ата-анасы әртүрлі елдерде тұратын болса, онда олар қарым-қатынастарын жалғастыруы үшін елдер арасындағы шекараларды өтіп тұруға мүмкіндіктері болуы қажет.
11. Заңсыз түрде жүру және қайтару
Үкімет балалардың елден заңсыз түрде алып кетілуіне тыйым салуы тиіс.
12. Баланың көзқарасы
Бала өзіне қатысты барлық мәселелер бойынша көзқарасын еркін білдіруге құқылы. Үлкендер балалардың пікіріне құлақ асулары қажет.
13. Ой-пікірді еркін білдіру
Бала өз пікірін еркін білдіруге, кез-келген ақпаратты іздеуге, алуға және таратуға құқылы, тек бұл басқа адамдарға зиянын келтірмеуі керек, мемлекеттік қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті бұзбауы қажет.
14. Ой, ар-ұждан және дін бостандығы
Үкімет баланың ойлауға, ар-ұждан және дініне қатысты бостандығын құрметтеуі тиіс. Ата-аналар немесе қамқоршылар балаға осы құқық жайлы түсіндіріп беруі керек.
15. Қауымдастық еркіндігі
Балалар  өзі қалаған топтарға қосылуға немесе топтар мен ұйымдарды құруға құқылы, тек бұл басқа адамдарға зиянын келтірмеуі керек, мемлекеттік қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті бұзбауы қажет.
16. Жеке өмір құқығын қорғау
Әрбір баланың жеке өмірге құқығы бар. Ешкім оның абырой-беделіне нұқсан келтіруге, сондай-ақ рұқсатсыз оның үйіне кіруге және оның хаттарын оқуға құқығы жоқ. Бала өзінің ар-намысы мен абыройына заңсыз қол сұғудан қорғау алуға құқылы.  
17. Пайдалы ақпаратқа қолжетімділік
Әрбір бала ақпарат алуға құқығы бар. Үкімет бұқаралық ақпарат құралдарын балалардың рухани және мәдени дамуына ықпалын тигізетін материалдарды таратуға ынталандырып, балаларға зиян келтіретін ақпаратқа тыйым салуы қажет.
18. Ата-ананың жауапкершілігі
Ата-аналар бала тәрбиесі мен дамуына бірдей жауапты. Үкімет ата-аналарға баланы тәрбиелеу мен дамытуда көмек көрсетіп, сондай-ақ балалар мекемелерінің желісін дамытуды қамтамасыз етуі керек.  
19. Қатыгездік пен немқұрайлықтан қорғау
Үкімет баланы ата-аналар немесе басқа адамдар тарапынан болатын зорлық-зомбықтың барлық түрлерінен, немқұрайлылық пен қиянат көрсетушіліктен қорғауы қажет, сондай-ақ ересектерден қатыгездік көрген балаға көмектесуге міндетті.
20. Отбасысыз қалған баланы қорғау
Егер бала отбасынан айырылған болса, онла ол үкімет тарапынан арнайы қорғау мен көмек алуға құқылы. Үкімет балаға қажетті тәрбие мен күтімді қамтамасыз ету үшін оның тілін, дінін, мәдениетін құрметтейтін адамдарға баланы тапсыра алады.
21. Асырап алу
Бала асырап алған жағдайда үкімет оның ең жақсы мүдделерінің сақталуын, оның заңды құқықтарының бұлжытпай орындалуын қадағалауы қажет. Бала асырап алу кезінде ел ішінде де, шетелде де бірдей ережелер, кепілдіктер мен нормалар қолданылуы қажет.
22. Босқын балалар
Басқа елден келген балаларға үкімет ерекше қорғауды, олардың мектепке барып, білім алуын, тамақтануын, отбасына оралуын қамтамасыз етуі керек. 
23. Мүгедектігі және ерекше қажеттіліктері бар балалар Ақыл-ой немесе физикалық тұрғыдан ерекше қажеттіліктері бар әрбір бала қоғамда барынша лайықты өмір сүруге құқығы бар. Үкімет мұндай балаларға сабақ оқу, ем алу, еңбекке дайындалу, демалу, барынша тәуелсіз болуға, яғни толыққанды өмір сүру мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.  
24. Денсаулық пен денсаулық сақтау
Әрбір бала өз денсаулығың сақтау үшін дәрігерлік көмек алуға, таза су ішуге, таза және қауіпсіз ортада өмір сүруге және толыққанды тамақтануға құқығы бар. Барлық ересек адамдар мен балалар денсаулықты сақтау жайында толық ақпаратпен қамтамасыз етілуі тиіс.
25. Қамқорлыққа алынған балаларды мерзімді бағалау
Үкімет қамқорлыққа алынған әрбір баланың өмір сүру жағдайы мен ахуалы жайлы үнемі тексеріп отыруы қажет.
26. Әлеуметтік қамсыздандыру
Үкімет жағдайы нашар отбасылардағы балаларға ақшалай немесе басқалай көмектесуі керек.
27. Өмір сүру деңгейі
Балалар өздерінің толыққанды дамуы үшін тамаққа, киімге және қауіпсіз тұрғын жайға құқығы бар. Үкімет бұл құқықты жүзеге асыруға мүмкіндіктері жоқ отбасылар мен балаларға көмектесуі тиіс.
28. Білім алу
Әрбір бала білім алуға, мектепке баруға құқылы. Бастапқы білім алу тегін болуы тиіс. Ал одан кейінгі берілетін білім әрбір бала үшін қолжетімді болуы керек. Мектепте бала құқықтары толық қорғалып, оның адами қадір-қасиеті құрметтелуі керек. Балалардың мектепке үнемі баруын үкімет қадағалап, бақылайды. 
29. Білім алудың мақсаттары
Білім беретін мекемелер баланың жеке тұлғасын, дарынын, ақыл-ой және физикалық қабілеттерін ашып, оларды дамытуға көмек көрсетуге міндетті. Сондай-ақ баланы өзінің және басқалардың  құқықтарын  біліп, құрметтеуге, ата-анасын сыйлауды үйретуі тиіс.
30. Аз ұлттар мен байырғы халықтарға жататын балалар
Басқа елден келген баланың өз тілінде сөйлеуге, өз дінін ұстануға, халқының әдет-ғұрыптарын сақтауға құқығы бар.
31. Демалыс, бос уақыт пен мәдени өмір
Әрбір баланың демалуға, ойнауға, сондай-ақ мәдени және шығармашылық іс-шараларға қатысуға құқығы бар.
32. Балалар еңбегі
Үкімет баланы қауіпті және зиянды жұмыстан қорғауы қажет. Жұмыс баланың білім алуына, рухани және физикалық дамуына кедергісін келтірмеуі керек.
33. Есірткіні заңсыз қолдану
Үкімет жасөспірімдердің есірткі секілді зиянды заттарды заңсыз қолдануына жол бермеуі керек, және осыдан қорғау үшін қолдан келгенше баланы барынша қорғау қажет, және балалардың есірткіні өндіруде және таратуда қатысуына жол бермеуі тиіс.
34. Сексуалдық қанаушылық
Үкімет балаларды сексуалдық зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен қорғауға міндетті.
35. Сату, адам саудасы және ұрлау
Үкімет балалардың ұрлауына, контрабанда арқылы сатылуна жол бермеу үшін бар күш-жігерін салуы қажет. Ата-аналар балаларға бейтаныс адамдармен сөйлеспеуді ескертуі керек.
36. Қанаудың (пайдаланудың) басқа да түрлері
Үкімет балалардың пайдаланылуына жол бермеуі тиіс, оларға зиян келтіретін кез-келген әрекеттерден қорғауы қажет.
37. Азаптау және бостандығынан айыру
Үкімет әрбір баланы қатыгездіктен, жазықсыз қамалуынан қорғау қажет. Еркіндік пен бостандығынан айырылған бала жақын адамдарымен хабарда болуы керек.
38. Қарулы қақтығыс
Үкімет 15 жасқа толмаған балаларға әскерге баруға, соғысқа қатысуға рұқсат етпеуі керек. Соғыс болып жатқан жерлердегі балалар ерекше қорғау мен күтім алуы қажет.
39. Қалпына келтіру күтімі
Егер бала қатыгездіктен, қанаудан запа шексе, онда үкімет ол балаға көмек көрсетіп, денсаулығын қайта жақсартуға қолдау көрсету қажет.
40. Заңды бұзушы балаларға құқықтық көмек
Заңды бұзған балалар қажетті көмекке жүгінуге және оларға әділетті түрде қарауға құқығы бар. Оларға қоғамның жақсы азаматы болуға қажетті көмек көрсетілуі тиіс. Түрме тек соңғы шешім болуы қажет.
41. Ең жоғары нормаларды қолдану
Елдің заңы балалардың құқықтарын осы Конвенцияға қарағанда жақсырақ қорғайтын болса, онда сол елдің заңы бірінші кезекте қолданылуы қажет. 
42. Ұстану және өз күшіне ену
Үкімет бала құқықтары туралы Конвенция жайлы ақпаратты кеңінен таратуы қажет.
43-54 баптарда ересек адамдар мен үкіметтер бірлесе отырып балалардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін қандай әрекеттер жасауы қажет жайлы ақпаратты қамтиды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив