«Алғабас орта мектебі» КММ бойынша «Күзгі бал-2022» байқауының өткізілуі туралы
Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 8-11 сыныптар аралығында " Күзгі бал-2022" аясындағы дәстүрлі күз мерекесі өтті. Бұл мереке туған жерді қадірлеуге, табиғатты аялауға, дәнді - дақылдардың, жеміс жидектердің , көкөністерді ысырап етпеу, өнерлі, дарынды балаларға қолдау көрсету, қабілет-дарынын дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Байқауға барлық сыныптар қатысты. Мерекенің әсем де , әсерлі өтуіне мектеп оқушылары бар күш жігерлерін салды. Байқаудың бағдарламасы бойынша сыныптар өз топтарын таныстырып, өнерлерін көрсетіп, қызықты көріністерін қойып, көрмелерін таныстырып, киім үлгілерін қорғап, түрлі ойындар ойнады. Әр кезең бойынша сыныптар белсенділік танытып, өз өнерлерін паш етті. «Күзгі бал-2022» байқауы оқушылардың бойында осындай жарқын әсер қалдырды.
Байқауға қатысқан сыныптарға төрешілер 6 кезең бойынша көрсеткен өнерлерін бағалап, байқау қорытындысын шығарды.
«Күзгі бал-2022» байқауында І орынды 11-сынып, ІІ орынды 10 «ә»-сынып, ІІІ орынды 10 «а»-сынып иеленді.