Күзгі каникул кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Күзгі каникул кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау
31
октябрь
2022

Күзгі каникул кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау

Күзгі каникул кезіндегі оқушылардың өзін ұстау және қауіпсіздік ережесі

Каникулға арналған  нұсқаулық


1. ЖЖЕ сақта

2. Электроқұрылғылармен жұмыс істеу және өрт қауіпсіздігі ережесін сақта

3. Қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережесін сақта

4. Көшелерде жүрудің жеке қауіпсіздік ережесін сақта

5. Мұзда жүрудің  қауіпсіздік ережесін сақта(күзгі каникул кезінде өзендерге баруға тыйым салынады).

6. Үйде жалғыз қалғанда, өзіңді ұстау ережесін сақта(үйде жалғыз қалғанда, бөтен адамдарға есік ашпа).

7. Хайуанаттармен қарым-қатынас барысында қауіпсіздік ережесін сақта

8. Тез жанатын және тез балқитын заттармен, үшкір, өткір заттармен ойнама

9. Дәрігердің тағайындауынсыз дәрілік заттарды қолданба

10.Ішімдік ішуге, шылым шегуге тыйым салынады

11. Көктайғақтан сақтан, құлап қалу мен жарақаттанудан сақтан

12. Шатырдан  салбырап тұрған қарлар мен мұздар бар жерлерде ойнама

13.Өзіңіздің қайда жүргеніңізді үнемі ата-анаңызға хабарлап отырыңыз

14.Үлкендерсіз сағат кешкі 20.00-ден кейін жүруге тыйым салынады.


Үйде жалғыз қалғанда, өзін  ұстау ережесі

№ 1 нұсқаулық

1.  Есікті тек жақсы танитын адамдарға ғана ашу керек.

2. Үйдің кілтін «Көрінетін жерге» тастама.

3. Егер де сіз үйдің кілтін жоғалтып алсаңыз, тез арада ата-анаңызға хабар беріңіз.


Көшелерде жүрудің жеке қауіпсіздік ережесі

№ 2 нұсқаулық

1. Егер де көшеде соңыңыздан біреудің қалмай келе жатқанын байқап қалсаңыз, адамдар көп шоғырланған жерлерге мысалы: дүкенге, автобус аялдамасына қарай жүгіріңіз.

2. Егер де бөгде адамдар сізді күшпен алып кеткісі келгенін байқаған  болсаңыз, қарсылық көрсетіп, айқайлап, «Көмектесіңіздер! Мені біреу әкетіп бара жатыр!» деген сөздерді айтып, көмекке шақырыңыз.

3. Бөгде үлкендердің қандай да бір ұсыныстарына келіспеңіз.  Бөгде адамдармен сөйлеспеңіз, бөгде адамның көлігіне отырмаңыз.

4. Егер де үйде үлкендер болмаса, таныс емес адамдарды үйіңізге шақырмаңыз.

5. Қас қарайғанша далада ойнамаңыз.

6.Күдікті заттарды қолға ұстап көрмеңіз, күдікті нәрселерге жоламаңыз. Тауып алған жағдайда үлкендерге, полицияға дереу хабарлаңыз

Жолда жүру ережесі

№ 3 нұсқаулық

1. Жол жиегінен оң жақпен ғана өтіңіз. Егер де тротуар жоқ болса, онда жолдың сол жақ жиегімен көлік қозғалысан қарай жүріңіз.

2. Жолдан жаяу жүргінші жолынан немесе бағдаршам орналасқан жерден өтіңіз. Жолдан бағдаршамның жасыл көзі жанғанда ғана өтіңіз.

3. Жолдан өтер кезде алдымен солға, содан кейін оңға қараңыз.

4. Егер де бағдаршам жоқ болса, жолдан көшенің қиылысынан өтіңіз. 

5. Велосипедпен жүру барысында жол бойына шықпа.


Электроқұрылғылармен жұмыс істеу және өрт қауіпсіздігі ережесі

№ 4 нұсқаулық


1. Тыйым салынады:

2.Жанған сіріңке талын тастауға.

3.Жанған отпен ойнауға.

4. Құрылыс орындарына тақау жерлерге жанып жатқан күлді тастауға.

5. Пештің аузын ашып тастауға.

6. Тоқ көзіне көп қажет ететін құрылғыларды салып қоюға.

7. Тоқ көзіне саусақты салуға, басқа да заттарды салуға.

8. Электрқұрылғыларын өз бетіңмен жөндеуге.

9. Рұқсат етіледі:

10. Үйді өрттен сақтауға.

11. Өрт орын алған жағдайда өрт басқармасына хабарлауға.

12. Өртті сөндірудің алдын алу шараларын жасауға.

13. Қауіп дабылын беруге.

14. Өрт сөндірушілерді күтіп алуға және оларға өрттің себебін айтуға.

15. Өрт орын алған жағдайда сыртқа шығу жоспарын білуге.

16. Үлкендерді көмекке шақыруға және айқайлауға.

17. Егер де бөлмеде түтін қатты қоюланса, еңбектеп алға қарай қозғалуға.

18. Өртеніп жатқан жерден адамдарды, балаларды шығаруға.

19. Зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетуге.


Мұзда жүрудің  қауіпсіздік ережесі

№ 5 нұсқаулық


 1. Мұздан өтпес бұрын үлкендердің тексеруі бойынша оның әбден қатып қалғандығына көз жүгіртіп барып өту керек.

 2. Мұздан бұрын салынған соқпақ арқылы ғана өту.

3. Шаңғы және шанамен өзіңізге таныс емес қары қалың жерлерден сырғанауға болмайды.

4. Әсіресе өндірістік кәсіпорындардан шыққан сулар құйылатын жерлерге, су ағысы тез ағатын жерлерге, шөбі қалың жерлерге жақындамау.


№ 6 нұсқаулық

1. Сертификатталмаған пиротехникалық тауарларды сатып алмаңыз.

2. Жанып тұрған петарданы қолға ешқашан да ұстамаңыз!

3. Жанып тұрған петарданы адамдарға қарай лақтырмаңыз.

4. Петарданы банкіге, шелекке, бөтелкеге салмаңыз.

5. Жанып тұрған петардаға 5-10м. артық жақындамаңыз.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив