"Отбасы - тәрбиенің басты ұясы"
Ағымдағы жылдың 08 қыркүйек күні, сағат 14:30 да «Отбасы – тәрбиенің басты ұясы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиынға ақсақалдар алқасының төрағасы Ә.Артықов, ата-аналар комитетінің төрағасы Ж.Идрисова, мектеп медбикесі А.Батырбекова, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер мен ата-аналар қатысты.
Ата-аналар жиналысының мақсаты: Өскелең ұрпақ тәрбиесі, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, мектеп-оқушы-отбасы үштігін нығайту, мектепте ата-аналармен жұмысты нығайту, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың , түрлі келеңсіз оқиғалардың алдын алу.
Педагог-психолог Э.Керимбекова ата-аналарға «Жүрек жылуы» тақырыбында тренинг жүргізді. Жиналысты ДОІЖО Абишева Зарина Бейбитовна ашып берді. Жиын бағдарламасы бойынша «Отбасы – тәрбиенің басты ұясы» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, сөз сөлейшілер кезекпен баяндамаларын оқып, сұрақ жауап жүргізілді.
Бағдарлама бойынша ақсақалдар алқасының төрағасы Ә:Артықов «Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбында баяндамасын оқып, ата-аналарға ұрпақ тәрбиесіне аса көңіл аударуды сұрады.
Ата-аналар комитетінің төрағасы Ж.Идрисова ата-аналарға «Отбасы – ең негізгі құндылық» тақырыбында баяндама оқып, бала тәрбиесіне аса назар аударуды сұрады.
Мектеп медбикесі А.Батырбекова «Дені сау бала – болашақ кепілі» тақырыбында ата-аналарға кеңінен түсінік беріп, бала денсаулығына, гигиеналық тазалығына, салауатты өмір салтын сақтауға шақырды.