"БУЛЛИНГ ЖӘНЕ КИБЕРБУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ" түсіндірме жұмысы
2024 жылдың 16 қазан күні «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының «Жеті жарғы» бағыты бойынша 8-11 сыныптарға «Буллинг және кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында түсіндірме жүмыстары жүргізілді.
Мақсаты: Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардың алдын алу. Оқушылардың буллинг, кибербуллинг туралы жалпы түсінігін қалыптастыру арқылы жауапкершіліктерін арттыру, өзара сыйластық қарым-қатынасын орнату.
Шараға педагог-ұйымдастыпушы Г.Нусипбаева, педагог-психолог Э.керимбекова мен ұйым мүшелері қатысты. «Миғашабуыл» әдісі арқылы оқушылардың көзқарастарын біліп, ойға шақырылды. Жасөспірімдер арасында белең алып отырған тәртіпсіздіктерден сақтану жолдары айтылып, жағдаяттар ұсынылды.
Ұйым мүшелері оқушыларға арнайы дайындаған видеофильмдер көрсетті. Оқушылар буллинг түрлерін ажыратып қана қоймай, олармен күресу жолдарынан хабардар болды. Пікірталас ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын ортаға салды. Түрлі жағдаяттар қарастырылып, талқылау кезінде оқушылар фактілерге сүйенуге тырысты. Аталған шара оқушыларға өте тиімді де пайдалы болды деп айтуға болады.