"АУЫЛ ҚАЗЫНАСЫ - ҚАРТТАР" мерекелік шара
1 қазан – «Қарттар күні» мерекесіне орай: «Қарты бар ел – қазыналы ел» тақырыбындағы мерекелік іс-шаралар жоспары мен өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспары аясында мектебімізде қазыналы қарттар күні мерекесіне орай «Ауыл қазынасы-қарттар» тақырыбында мерекелік шара өтті.
Мерекелік шарада мектеп директорының м.а Ж.Амиржанова сөз алып, үлкенге құрмет жасау халқымыздың бойына сіңген ерекше қасиет. Бұл ұрпақтар сабақтастығының жарасымды жалғасы. Еліміздің қазіргідей биік белестерден көрініп, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы жолында сіздердің қосқан үлестеріңіз ұшан-теңіз.«Сіздерге қамқорлық жасау – біздің перзенттік парызымыз». Баршаңызға мықты денсаулық, әр отбасыға береке, бірлік, мейірім мен шуақты ғұмыр тілеймін. Мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын!-деп ізгі тілегін арнады. Сондай-ақ мерекелік шарада ауылдық "Ақ әжелер" ансамблінің жетекшісі, Көксу ауданың құрметті азаматшасы М.Нусупова барша шараға қатысушыларды мерекемен құттықтап, оқушыларға ізгі тілегін білдірді.
Мерекелік іс-шара мектеп белсенділері мен өзін-өзі басқару ұйым мүшелерінің, музыка пәнінің мұғалімі Т.Жұмабекованың дайындаған концерттік бағдарламамен үйлесімін тапты.