"Ұялы телефондар қауіпті ме?" пікірсайыс
Жоспарға сәйкес «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық клуб мүшелері арасында 2024 жылдың 18 сәуір күні «Ұялы телефондар қауіпті ме?» /қарар/ тақырыбында пікірсайыс өтті.
Мақсаты: Оқушылар пікір таластыра отырып, ұялы телефонның қауіпті және қауіпсіз жақтары жөнінде білімін жетілдіру. Оқушылардың өз ойларын тұжырымдап айта білуге, жан-жақты іздене білуге, өз пкірін дәлелдей білуге, жан-жақты іздене білуге, өз пікірін дәлелдемелер келтіре отырып, жүйелі айтуға және пікірін дәлелдей білуге, біреудің пікірімен санаса білуге дағдыландыру.
Шешендік өнер мен ой ұшқырлығы сынға түсетін бұл ойында «Алаш» және «Болашақ жастары» дебаттық тобының мүшелері тәртіпке бағынып, тақырып аясында дәлелдер келтіріп, батылдық пен әдептілік танытты. Әр тарап бір-біріне айтылған қарсы пікірге қарамастан, ойларының дұрыстығын дәлелдеді. Ойын кезінде қарарға қатысты үкімет лидері шығып, өз дефинициясын, құрған кейсін, аргументтерін ортаға тастап, фактімен дәлелдеп, статистиканы айта отырыды. Оппозицияның лидері үкімет лидерінің кейсін құлату үшін қарсылық білдіріп, өз кейсін құрды. Үкімет тобының екі спикері оппозиция тобы лидерінің кейсіне қарсылық білдіріп, өз аргументтерін құрды. Ойын соңында әр топтан бір спикер сараптама жасап, позицияларының дұрыс екенін дәлелдеп, ойынды қорытындылады. Ойын нәтижесінде төреші С.Батыршаева жеңімпаздарды анықтап, марапаттады.