01
март
2024
"АЛҒЫС АЙТУ - ПАРЫЗЫМ!" МЕРЕКЕЛІК ШАРА
АЛҒЫС АЙТУ - ПАРЫЗЫМ!
Алғыс айту күні - бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық Қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Осы күні "Алғабас орта мектебі" КММ-де жас ұстаздар мен өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен "Алғыс айту - парызым" атты мерекелік шара өтті. Шараға ақсақалдар алқасының төрағасы Ә.Артықов, қамқоршылық кеңесінің мүшелері, ұстаздар, білім алушылар мен кіші қызметкерлер қатысты. Шараға келген қонақтар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, 1 наурыз - Алғыс айту күнімен құттықтап, алғыстарын білдірді.
Көктемнің алғашқы күнімен келіп, көңіл тыныштығын сыйлайтын жарқын мереке - Алғыс айту күні құтты болсын! Алғыс айту - жүрекке жылу сыйлайтын керемет қасиет, қарапайым адамгершілік парыз. Алғыс айта білген адам алғыс арқалай алады. Сондықтан күн сайын, тіпті сағат сайын әртүрлі себептерге байланысты бір-бірімізге алғыс айтқанымыз артық болмас. Барша қазақ еліне шынайы ниетпен алғыс білдіреміз!