2021-2022 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтің атқарған жұмысының жылдық есебі » Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » 2021-2022 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтің атқарған жұмысының жылдық есебі
27
май
2022

2021-2022 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтің атқарған жұмысының жылдық есебі

«Алғабас орта мектебі» КММ















2021-2022 оқу жылындағы 

әлеуметтік педагогтің атқарған

жұмысының  жылдық есебі












Әлеуметтік педагог: М.Сарманова














Алғабас ауылы


2021-2022 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтің атқарған

жұмысының  жылдық есебі


Әлеуметтік педагогтің мақсаты:

         Әр балаға қолайлы жағдай тудыру, әр түрлі әлеуметтік категориядағы отбасы балаларымен жұмыс жасау, әлеуметтік көмекті  ұйымдастыру, тек көмек күтуші емес мәселені шешу үшін өздігінен жол табуына  көмектесу, рухани жан дүниесін танып білу, қатарға қосу жұмыстарын ұйымдастыру. 

   Әлеуметтік педагогтің негізгі міндеттері мен бағыттары:

• Аз қамтылған, жағдайы төмен, жетім, толық емес және көп балалы отбасы балаларының тізімін жасау; 

• Аз қамтылған жағдайы төмен, жетім, толық емес және көп балалы отбасы балаларын тегін оқулықпен қамтамасыз   ету;

 • Аз қамтылған жағдайы төмен, жетім, толық емес және көп балалы отбасы балаларын бір мезгіл ыстық тамақпен  қамтамасыз ету мақсатында оқушылардың құжаттарын рәсімдеу;

 • Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан материалдық көмек берілетін оқушылардың тізімін талдау және бекіту; 

  • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі және облыстық білім басқармасымен "Мектепке жол”    акциясын басшылыққа ала отырып, мекеме басшыларымен, кәсіпкерлермен бірігіп қамқорлық акциясын  ұйымдастыру;

 • Мектеп жанындағы жазғы демалыс орталықтарына, жағдайы төмен отбасы балаларының тартылуын қадағалау.

        Мектепте тамыз айының 28 жұлдызында бекітілген  бұйрыққа сай мектеп әдістемелік бірлестік отырысында қаралып бекітілген әлеуметтік педагогтің жоспары бойынша келесі жұмыстар атқарылды.

Тамыз айында 2021-2022 жылға арналған жұмыс жоспарын дайындап, әдістемелік бірлестік отырысында қаралып бекітілді. Жылдық жоспар негізінде айлық   жоспар жасалып, жоспар бойынша төмендегі жұмыстар атқарылды.

    «Біз біргеміз!» ұранымен «Мектепке барар жол» акциясы жыл бойына ұйымдастырылып өткізілуде.Акция кезінде демеушілер тарапынан 125000 теңге көлемінде ақша жиналды. Есептеу комиссиясының мүшелері АКТ жасап, көмек қажет ететін 15 оқушыға көмек берілді. «Мектепке барар жол» акциясы қазірде жалғасын табуда. 

       Қыркүйек айында Мектеп бойынша оқушылардың жеке құжаттарымен танысып,  сыныптар бойынша  оқушылардың тізімі жинақталып диагностика жасалынды.Сынып жетекшілерге әлеуметтік топтағы балалардың құжаттарын жинақтау, дайындау бағытында  кеңестер   берілді.

    Қыркүйек айының ІІ аптасында сыныптың әлеуметтік төлқұжаты және оқушыларға әлеуметтік карта жасалды. Сонымен бірге оқушылардың әр түрлі жағдайына қарай мектеп төлқұжаты жасалынды.


Мектеп  бойынша оқушылардың әлеуметтік жағдайы төмендегідей:

      Әлеументтік жағдайы

Отбасы саны

Бала саны

1

  Жетім

0


0

2

Аз қамтылған отбасы

3


5

3

Көп балалы отбасы

38


92

4

Толық емес отбасы (жартылай жетім, жалғыз басты ана, ата-анасы ажырсқан)

11


15

5

Азаматтығы жоқ отбасы

0


0

6

Үйде оқытылатын оқушылар

1


1

7

КТЖБ-нің есебінде тұратын оқушылар

0


0

8

Мектепішілік есепте тұратын оқушылар

0

0

      Оқушылардың, сонымен қатар әлеуметтік топтағы оқушыларды мектеп оқулықтарымен толық қамтылғандары және спорттық секцияларға, үйірмелерге  мектепішілік,аудандық байқаулар мен сайыстарға тарту жыл бойына қадағаланып отырылуда. Қазіргі таңда оқушылардың осы бағыттағы бірталай жетістіктері бар.

Отбасы күніне орай (видеороликтер) қашықтықтан іс-шаралар 5-8 сыныптар арасында ұйымдастырылып өткізілді.

            Қыркүйек айының 4 аптасында   үйде оқитын оқушылар тізімі  анықталып, жұмыс жоспары құрылып бекітілді. 

Үйден оқитын бала саны-1

Оқушының аты-жөні

Туған күні, айы, жылы


Сыныбы

Сынып жетекшісі

Мекен жайы, телефоны

Тізімге ену себебі

1

Әлімхан Көркем

03.07.2010ж

6 «ә»

Г.Турлыгазиева

Алғабас ауылы, Ақболат к-сі №8 үй

Симптомдық эпилепсия


     Құрылған жосар бойынша оқушының ата-анасымен кездесіп тұрмыс жағдайымен танысып, тұрғын домтексеру АКТ-сы жасалынды. Тоқсанына бір рет әлеуметтік педагогикалық  жұмыстар жүргізіліп отырылуда.


     Қыркүйек айының ІV аптасында ЖБББҚ (жалпыға бірдей білім беру қоры) қаржысынан АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) алатын отбасындағы 4 оқушыға медициналық қорапша берілді.




Қазан айында 1,5-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі бойынша сынып жетекшілерімен бірге жұмыстардың қорытындысы жасалынды. 1,5-сынып оқушыларының оқу мотивациясын анықтау мақсатында   сауалнама алынды. Сауалнама қорытындысы бойынша  оқушылардың бейімделу кезеңі жақсы өтіп жатыр.

«Үлкенге құрмет-кішіге ізет» Қарттар күні мерекесіне  орай ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.  Қарттардың үйіне көмек көрсетілді.


      29-қазан «Қамқоршы» күніне байланысты «Қайырымдылық» акциясы ұйымдастырылды. Акция кезінде еріктілер, демеушілер тарапынан көмек қажет ететін оқушыларға көмек берілді. Атап айтсам 3 оқушыға ( толық емес отбасынан Көптілеу Аян, көпбалалы отбасынан Қалибекқызы Кәусар,Кенжебай Нұрлыбек) күздік аяқ киім берілді, басқа да көмек қажет ететін отбасыларына оқуға қажетті құрал-жабдықтар мен азық-түліктер берілді.

       Қазан айының ІІ,ІІІ аптасында ЖБББҚ (жалпыға бірдей білім беру қоры) қаржысынан АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) алатын отбасындағы 6 оқушыға оқуға қажетті құрал-жабдықтар берілді.


  Қараша айында «Адамгершілік мұраттары», «Бала құқығы» тақырыбында 5-11 сынып арасында ДТІЖО Д.Карсаковамен, сынып жетекшілерімен бірге  тәрбие сағаттары ұйымдастырылып өткізілді.


   Жасөспірімдердің арасында қылмыстың алдын-алу,баланың денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғау  мәселелерін түсіндіру,оқушылар арасында зорлық-зомбылықтың алдын-алу, әлімжеттік, бопсалау, қоғамдағы қайыршылық әрекеттердің алдын-алу мақсатында   КЖТІБМ Ә.Асым оқушылармен онлайн кездесу өткізді. КЖТІБМ Ә.Асым бірлескен жоспар бойынша әр ай сайын мектепке келіп оқушылардың  жағдайын біліп , түнгі рейд жүргізеді. 


 


Жоспарға сәйкес қараша айында 7-11 сынып оқушылары арасында «Зиянды заттардың зардабы», «Темекі және улы заттардың зияндылығы» жөнінде бейне-таныстырылым көрсетілді.Школьникам тақырып аясында таныстырылым ретінде керекті мәліметтерді бере отырып, әсіресе ер балаларға осындай зиянды заттардан бойларын алшақ ұстауға және оның зиян екенін түсіндірдік.«Темекі шегу қаншалықты зиян?» тақырыбында бейнеролик көрсетілсе , «Нашақорлыққа жол жоқ» атты қысқаметражды фильм көрсетілді.


      Іс-шараның соңында оқушылар тақырыпқа байланысты өз ойларын білдіріп, кері байланыстар берді.

         Қыркүйек айының ІV аптасында ЖБББҚ (жалпыға бірдей білім беру қоры) қаржысынан АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) алатын отбасындағы 6 оқушыға қыздар мен ұлдарға рюкзак берілді.



       Сынып жетекшілер ай сайынғы  сыныптың әлеуметтік қозғалысы туралы есеп беріп отырады.


Желтоқсан айында мектепішілік және сыныптағы, отбасындағы, қоғамдағы шиеленіс жағдайларының алдын  алу, ескерту мақсатында ДТІЖО, педагог-психологпен бірлесе отырып оқушыларға, ата-аналарға  кеңес, жадынамалар беріліп, видеороликтер көрсетілді.


Бейнероликтің атауы/

Название ролика

Бейнероликтің слабовидящих / Изображение видеоролика

Бейнероликтің сілтемесі / Ссылка видеоролика


«Балаларымызды қорғайық» бейнеролигі






https://zhastar.org/application/parentspage



https://youtu.be/Od9fCogV01Q

https://youtu.be/3RjqIASw318



https://www.facebook.com/1446686598757940/videos/623767298465374/?t=0

https://www.facebook.com/1446686598757940/videos/831057800704389/?t=1



https://www.instagram.com/tv/B-O8Nevn-8F/?hl=ru

https://www.instagram.com/tv/B-O7z92H6sn/?hl=ru




Мен бәрін жеңем






https://zhastar.org/storage-public/parents_block/1527653143949.mp4



https://www.youtube.com/watch?v=G2vQLmtvFIk&t=8s

https://www.youtube.com/watch?v=dy-1xqKgXKo



https://www.facebook.com/1446686598757940/videos/632031414015432/?t=1

https://www.facebook.com/1446686598757940/videos/527149271570309/?t=13



https://www.instagram.com/tv/B-O9eornlr0/?hl=ru

https://www.instagram.com/tv/B-O9ABEHIay/?hl=ru






Стресс





https://zhastar.org/application/parentspage



https://www.youtube.com/watch?v=nMovlZMBTA0



https://www.facebook.com/1446686598757940/videos/238749633982363/?t=0




Телефонға тәуелділік






https://zhastar.org/application/parentspage



https://www.youtube.com/watch?v=m3I_mUx8HFo



https://www.facebook.com/1446686598757940/videos/674551006419993/?t=1



https://www.instagram.com/tv/B-WLXPVHce5/




Кәсіптік бағыт-бағдар беру






https://zhastar.org/application/parentspage



https://www.youtube.com/watch?v=kq8HMEsM-l8



https://www.facebook.com/1446686598757940/videos/253516092481215/?t=0



https://www.instagram.com/tv/B-WLb9vHjyg/



https://vk.com/videos547865288?z=video547865288_456239198%2Fpl_547865288_-2


Әлімжеттік


Буллинг



https://zhastar.org/application/parentspage



https://www.youtube.com/watch?v=pneqoYVovFw



https://www.facebook.com/1446686598757940/videos/201718864448736/?t=0



https://www.instagram.com/tv/B-WLeQSnzDA/



https://vk.com/videos547865288?section=uploaded&z=video547865288_456239180%2Fpl_547865288_-1


Кибербуллинг






https://zhastar.org/application/parentspage



https://www.youtube.com/watch?v=JYVmZysiCQ4



https://www.facebook.com/1446686598757940/videos/141788833938993/?t=0



https://www.instagram.com/tv/B5xisc2J3Cy/?hl=ru



https://vk.com/videos547865288?section=uploaded&z=video547865288_456239182%2Fpl_547865288_-1


Балаңызды қаншалықты жақсы білесіз?




https://zhastar.org/application/parentspage



https://www.youtube.com/watch?v=bwI87rnBRXc



https://www.facebook.com/1446686598757940/videos/258437498504342/?t=0



https://www.instagram.com/tv/B-WLgKHnvDD/ 



https://vk.com/videos547865288?section=uploaded&z=video547865288_456239193%2Fpl_547865288_-1


Желтоқсан айының ІІ, ІV аптасында ЖБББҚ қаржысынан көмекті қажет ететін  10 оқушыға қыстық куртка мен 6 оқушыға мектеп формасы таратылып берілді.

     

   Қаңтар айында «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылып өткізілді.Акция барысында көмек қажет ететін 4 оқушыға мектеп әкімшілігі және мұғалімдер тарапынан аяқ киім беріліп, көмек көрсетілді. Әр оқушыға 25,000 теңге оқуға қажетті / дәптер, қаламсап, қарындаш, сызғыш, өшіргіш, сурет дәптері т.б./ Көп балалы-4, толық емес отбасындағы-1 оқушыға 24,000 тг аяқ киім алып берілді.Мектептің әлеуметтік педагогы Г.Нусипбаева көп балалы отбасындағы 1 оқушыға 4000 тг аяқ киім алып берді. Мектеп ұжымы 30,000 тг көмек көрсетті. Қалған 18,000 тг көмек қажет ететін отбасындағы 4 оқушыға ақшалай 4500 тг көмек берілді.  Барлығы 83,000 теңге көлемінде таратылды. 

 ДТІЖО, педагог-психолог, әлеуметтік педагог жоспарға сәйкес мұғалімдерге, ата-аналарға«Баланың әлеуметтік жағдайы бәрімізге ортақ» тақырыбында видео-таныстырылым дайындап ата-аналар чаты мен мұғалімдер чатына жіберіліп көрсетілді.

    Мақсаты:баланың әлеуметтік жағдайын дамытуда ата-аналармен, мұғалімдер-мен бірлесе жұмыс істеу, мұғалім мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту,отбасы ерекшеліктерін ескере отырып қиындықтарды бірлесе шешу.

      Видео-таныстырылымда баланың  әлеуметтік жағдайына  байланысты түрлі мағлұматтар мен  кеңестер берілді. Педагог-психолог жағдаятқа байланысты жаттығу жұмыстарын жүргізді. Видео-таныстырылымға ата-аналар мен мұғалімдер тарапынан кері байланыстар берілді.

           Жоспарға сәйкес уақытылы  оқушылардың үлгерімі, сабаққа қатысуы, бос уақыттары қадағалануда.Сынып жетекшілері оқушылардың ата-аналарымен тығыз   байланыста. Оқушылардың оқу үлгерімі жақсы. Сабақтарға уақытылы қатысып отырады. Яғни сабаққа қатысулары -100%. Өтіліп отырған барлық іс-шараларға, байқауларға, жарыстарға қамтылып отыр. Осы топтағы оқушылардың ата-аналарымен, сынып жетекшілерімен байланыста отырамын. Қандай жағдай болмасын сынып жетекшілері хабардар етіп отырады.Оқушылар  бос уақыттарын өз үйлерінде өткізеді. Үй шаруасына көмектеседі. 

     Қаңтар, ақпан,наурыз айларында мектептен тыс қарым-қатынас шараларына кеңес беру жұмыстары уақытылы жүргізіледі.

Наурыз айында «Туберкулездің алдын-алу туралы оқушылар мен ата-аналар арасында» деген тақырыпта медбике А.Батырбекова мен әлеуметтік педагог М.Сарманова 10 Ә сынып оқушыларымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар өз ойларын айтып, белсене қатысты. 



       Наурыз айында сынып жетекшілер сыныптың әлеуметтік қозғалысы туралы есеп беріп отырады.

Ай сайын асхана жұмысын тексеріп, тамақтану сапасын бақылап, комиссия мүшелері жұмыстарын қадағалап отырады. 


Сәуір айында оқушыларға экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беріліп, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру, оның алдын алу мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында «Діни экстремизм дегеніміз не?», «Әлемдегі діндер және діни экстремизм» тақырыбында таныстырылым ретінде өтіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ата-аналарға да бейнероликтер жолданып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


  Сәуір айында «Мамандықты дұрыс таңдай білейік» тақырыбында 11-сынып оқушылары арасында Педагог психолог Э.Керимбекова мен Әлеуметтік педагог М.Сарманова тренинг өткізді. Оқушылар берілген тапсырмаларды орындап, тренингке белсене қатысты. 

«Оқуға қайда барамыз?» тақырыбында мамандық таңдауға байланысты 9-11 сынып оқушыларынан сауалнама алынып, кеңестер берілді. 

   Жоспарға сәйкес тоқсанына бір рет ата-аналар жиналысына қатысып отырдық. Жиналысты сынып жетекшілері қарастырылған мәселелері бойынша өткізіп отырды. ДТІЖО Д.Карсакова мен КЖТІБМ Ә.Асым ата-аналарға тақырып аясында кеңестер беріп, түрлі зиянды әдеттерден баланы қалай қорғау керектігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар әр түрлі бағытта алдын алу мақсатында  ата-аналарға бала тәрбиесіне байланысты түрлі кеңестер беріліп, сауалнамалар алынып отырды.


     Жоспарға сәйкес әр түрлі санаттағы оқушылардың метепішілік, аудандық байқаулар мен сайыстарға тарту жұмыстары жыл бойына жүргізілуде. Әлеуметтік топтағы отбасы балаларының келіп жатқан түрлі байқаулар мен сайыстарға қатысуы жыл бойына қадағалануда. Сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері  осы топтағы оқушылардың байқауларға, сайыстарға қатысуларын басты назарда ұстайды. Қазіргі таңда мектепішілік, аудандық байқаулар мен сайыстар қашықтықтан өтілуде.  Сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері Оқушылар  келген қатысады. Сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері тарапынан оқушыларға қолдау көрсетілуде.Биылғы 2021-2022 оқу жылында әлеуметтік топтағы оқушылар түрлі байқаулар мен сайыстарға қатысып жүлделі орындар алуда. 

Мамыр айында мектеп әкімшілігі және сынып жетекшілер тарапынан жазғы демалысты ұйымдастыру және ата-аналармен кездесу жұмыстары жүргізілді. Родителям сауалнама алынды. Сіз қандай ата-анасыз? деген алынған 1-11 сынып аралығындағы сауалнаманың қорытындысы бойынша ата-аналар өздерінің міндеттерін жауапкершілікпен атқаратындықтарын, қанағаттанарлық жауаппен белгілеп шықты. 


Жазғы мектеп жұмысының жоспары мектеп директорымен бекітіліп, сабақ кестесі құрылды. Жоспарға сәйке  жазғы мектеп уақытында өтілуде. Мамыр айында жазғы демалыс лагерлерін ұйымдастыру   және ата-аналармен кездесу жұмыстары жүргізіледі. 


Сонымен қатар Білім бөлімі тарапынан «Жаз -2022» лагерьмен қамтылу кестесі  келді. «Алғабас орта мектебі» КММ бойынша ЖББҚ есебінен әлеуметтік топтағы 5 оқушы, демеушілер тарапынан әр түрлі санаттағы 10 оқушы қамтылады. 



























































Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив